Қоғам

Уақытты қалай үнемдеуге болады – қарапайым әдіс-тәсілдер

© Pixabay / congerdesignАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2022
Жазылу
Бір уақытта бірнеше жұмысты істесеңіз де, уақытыңызды үнемдей алмай жүрсіз бе? Ендеше барлығына үлгеріп, естен адаспай, өнімділікті сақтап қалу үшін не істеу керек?
Sputnik Қазақстан тұрмыстық міндеттер мен күнделікті әдеттерді оңтайландырудың тәсілдерін тізіп шықты. Бұл лайфкахтар уақыт үнемдеуге көмектеседі.
1. Күнделікті міндеттерді мүмкіндігінше автоматтандыру
Бұл сізге маңызды нәрсеге назар аударуға мүмкіндік береді. Қазір қандай тұрмыстық мәселелерді шешуге болатынын көрейік.
Пәтерді, үйді жинаған ұнамай ма? Клининг компанияларының қызметіне жүгініңіз.
Күнделікті тамақ әзірлеген ұнамай ма? Алдын ала бірнеше күнге дайындап қойыңыз. Бұл да көңіліңізден шықпаса, тағамға тапсырыс беріңіз. Бүгінде тек фастфуд емес, пайдалы үй тағамдарын да, спорттық тағамдарды да үйге жеткізу қызметі бар.
Кір жууды жек көресіз бе? Үйге жиі жуылған киімдерді жеткізетін кір жуу қызметін пайдаланыңыз.
Төлем жасаған ұнамай ма? Қазіргі кезде кез келген банктің мобильді қосымшасы арқылы ай сайын автоматты түрде төлем жасауды қосуға болады.
Не киемін деп ойлап бас қатырғыңыз келмей ме? Онда әмбебап гардероб ойластырыңыз. Күнделікті киімнің бірдей комплектінен бірнешеуін сатып алыңыз. Немесе бір дайындағанда, 5 жұмыс күніне бірақ дайындап қойыңыз.
Күнделікті жалықтыратын әдеттен арылсаңыз, қалғанының бәрі қуаныш пен шаттық сыйлайтыны сөзсіз.
2. "Екі минут" ережесін қолданыңыз
Егер бір нәрсе көп уақытты қажет етпесе, оны дәл сол сәтте жасап тастаңыз. Сіз дәл қазір электронды поштаны жібере аласыз ба? Жіберіңіз. Егер сіз тапсырманы кейінге қалдырсаңыз, ол екі емес, бес минутты алады. Оны тез уақытта шешіңіз.
3. Сіздің дұрыс шешім қабылдау қабілетіңіз – шектеулі ресурс
Сізге қажет сәтте күш-жігеріңіз бен қуатыңыз таусылып қалуы мүмкін. Маңызды шешімдерді таңнан қабылдаған жөн. Қолыңыздан келгеннің бәрін автоматтандырыңыз, басыңызды қосымша артық ақпараттан босатыңыз.
Президент күн сайын таңғы асқа не жеймін немесе қандай костюм киемін деп ойлап, бас қатырмайды. Ол қызыл түймені басу (немесе баспау) қажет болған сәтте шешім қабылдау мүмкіндігін сақтайды.
4. Күн сайын таңертең "төрт әуен" ережесін қолданыңыз
Әндерді сағаттың орнына уақытты бақылау әдісі ретінде пайдаланыңыз. Бір әннің ұзақтығы шамамен 5 минут. Осылайша біз 20 минутта жиналамыз. Мұны қалай жасау керек?
1-әуен: тіс тазалаймыз.
2-әуен: душ қабылдаймыз.
3-әуен: киінеміз.
4-әуен: аксессуарларды тағамыз, кішкене парфюм себеміз, сөмкені жинаймыз, музыканы өшіреміз. Жолға шығамыз!
Егер сіз өзіңізді қысқа уақыт ішінде жиналуға үйретсеңіз, тағы бір артықшылыққа ие боласыз. Яғни сіз ұзағынан ұйықтай аласыз.
5. Қызығушылыққа ерік бермеңіз
Әр нәрсеге алаңдай бермейтін адамдардың өнімділігі соғұрлым жоғары болады. Егер сіз смартфонға тәуелді болсаңыз, оны көрші бөлмеге апарып қойыңыз.
6. Үнемі желіде отырмаңыз
Егер сіз әлеуметтік желілерден шыққаннан кейін маңызды нәрсе болады деп ойласаңыз, ештеңе болмайды.
Телефондағы дыбысты өшіріңіз. Кейінірек қоңырау шалыңыз. Хабарламаларға кейінірек жауап беріңіз.
7. Бос жүрмеңіз
Айналаңызды шамалы ретке келтіріңіз. Яғни орныңыздан тұрған соң, өз орнында тұрмаған затты алып, орнына қоя салыңыз.
8. Поштаны күніне үш рет тексеріңіз
Үш реттен көп емес. Бұл жағдайда күніңізді хат оқудан бастамауға тырысыңыз. Кесте құрыңыз. Айталық, электронды пошта жәшігін сағат 11, 14 және 17-де ашыңыз.
9. Ұйқыңызды жоспарлаңыз
Егер сіз кесте бойынша ұйықтамасаңыз, жұмыс күндері хаосты күтіңіз. Ұйқыны жоспарлау оңай және ол оянғаннан кейін қаншалықты жақсы және нақты жұмыс істейтіндігіңізді анықтайды.
10. Егер бір нәрседе үздік болғыңыз келсе, оны күнделікті жасаңыз. Бәрі басқаша болуы мүмкін.
11. Егер бір жерге барғыңыз келмесе, шақырудан бас тартыңыз
Адамдардың көбі сізді осы үшін ұнатпай қалуы мүмкін. Бірақ шындығына келгенде сіздің уақытыңыз әлдеқайда құнды. Сіздің өз ісіңіз бен мүдделеріңіз бар.
12. Тізім жасаңыз
Не істеу керектігін жазып алыңыз. Істеген шаруаны сызып тастаңыз. Бұл ыңғайлы. Бұл өнімділікті сақтайды. Бұл уақытты үнемдейді.
13. Артықшылық шкаласын құрыңыз
Бұл ең маңызды тапсырмаларды тез және тиімді орындауға көмектеседі. Өйткені, олар to-do тізімінде бірінші болуы керек. Егер сіз алдымен ең қиын және өзекті нәрсені жасасаңыз, онда қарапайым тапсырмаларды орындауға аз уақыт бөліңіз.
14. Медитация, тыныс алу жаттығуларын жасап көріңіз
10 минуттан бастаңыз және біртіндеп медитация мен тыныс алу уақытын алып тастаңыз. Мұның не үшін қажет екенін бірден түсінесіз: сана айқынырақ, ойлар анық бола түседі. Сіз тынышталасыз, күннің соңына дейін қуат аласыз.
Мұндай тәжірибеге үйрену үшін қанша уақыт қажет болса да, ең бастысы мұны күнделікті жасау.
15. Қарапайым тапсырмаларды орындау кезінде подкастарды немесе аудио кітаптарды тыңдаңыз
Мысалы, үйде тамақ пісіргенде немесе тазалағанда. Су өткізбейтін динамикті сатып алып, тіс тазалау немесе душ қабылдау кезінде подкастарды немесе аудио кітаптарды тыңдауға болады. Бұл уақытты пайдалы өткізу үшін тиімді.
16. Егер сіз не істейтініңізді білмесеңіз, компьютер алдына отырмаңыз
Өзіңізге тек: "Мен әлеуметтік медианы тексеруге 10 минут уақыт бөлемін", - деген міндет қойыңыз. Уақыт аяқталған кезде, бүгінге жоспарлаған нәрсеге кірісіңіз.
17. Скотчтың соңын белгілеп қойыңыз
Есесіне уақытты ысырап етпейсіз және оны келесі жолы іздеп жатпайсыз.
18. "Плюс бір" ережесін қолданыңыз
Қарапайым және қысқа тапсырманы орындаған кезде, бірнеше минут ішінде орындауға болатын тағы бір тапсырманы есте сақтауға тырысыңыз. Мысалы, ыдыс жуғанда пешті де сүртіңіз. Хат жіберсеңіз, келген хаттарды бірден реттеңіз. Сіз өзіңізді тезірек жұмыс істеуге үйретесіз және жұмыс процесін оңтайландырасыз.
Жаңалықтар
0