Өңірлер

Теңіздегі жарылыс: төрт мыңға жуық қызметкер демалысқа жіберілді

© Photo : КТК КТК – трубопроводный нефтепровод Тенгиз–Новороссийск, действующий на территории Казахстана и России
 КТК – трубопроводный нефтепровод Тенгиз–Новороссийск, действующий на территории Казахстана и России - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2022
Жазылу
Сынақ жүргізген мердігер ұйым жұмысын уақытша тоқтатқан
НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Теңіз кен орнындағы жарылыстан кейін төрт мыңға жуық қызметкер демалысқа жіберілді. Бұл туралы lada.kz "Сенімді құрылыс" ЖШС өндірістік қатынастар жөніндегі менеджері Гүлмира Бапановаға сілтеме жасап хабарлады.
Теңіздегі қайғылы оқиға " Сенімді құрылыс" ЖШС қызметкерлері вахтасының аяқталуына екі күн қалғанда болған.
Гүлмира Бапанованың айтуынша, сынақ жүргізген мердігер ұйым жұмысын уақытша тоқтатқан. 4 мыңға жуық қызметкер демалысқа жіберілді.
"Болған оқиғадан кейін жұмыс ішінара тоқтатылды, жұмысшыларға осы күндеріне жалақы төленетінін ескере отырып, үйлеріне жіберілді. Болған оқиғаның себебін анықтайтын арнайы комиссия құрылды. Бұл бізде алғаш рет. Компания қауіпсіздік ережелеріне ерекше мән береді", - деді Бапанова.
"Сенімді құрылыс" компаниясы Теңіз кен орнында 30 жылдан бері мердігер болып келеді. Құрылыс жұмыстарын жүргізеді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.
"Зардап шеккендердің бірі қазір облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Оған шұғыл операция жасалды. Жарылыс салдарынан Құрманғазы ауданының 1996 жылғы тұрғынының барлық ішкі органына зақым келген, сондай-ақ бірнеше қабырғасы мен омыртқасы сынған. Оның жағдайы қазір өте ауыр", - деді Байдувалиев.
Ал 1998 жылғы екінші пациентке алғашқы психологиялық көмек көрсетілді. Психологтардың жұмысы жас жігітке шоктан шығуға көмектесті. Қазір ол өз-өзіне келіп жатыр.
Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілген үшінші жұмысшы өзі жазған қолхат негізінде үйіне шығарылды.
Еске салсақ, 6 шілде Теңіз кен орнында құбыр жарылды. Салдарынан екі жұмысшы көз жұмды, тағы үшеуі зардап шекті.
Жаңалықтар
0