Әлем

Шри-Ланка президентінің үйінен 17,8 млн рупийден астам ақша табылды

© AP Photo / Eranga JayawardenaАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2022
Жазылу
Шри-Ланка 1948 жылы тәуелсіздік алғаннан бергі ең ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешіріп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Наразылық білдірушілер Шри-Ланка президентінің үйінен 17,8 миллион рупийден (49,1 мың доллар) астам ақша тауып, полицияға тапсырды, деп хабарлайды РИА Новости.
"Кеше шеруге шыққандар президенттің үйінен табылған шамамен 17 850 000 рупийді Форт полиция учаскесінің басшысына тапсырды", - деп жазды Twitter-де GotaGoGama наразылық қозғалысының өкілдері.
Еске салсақ, Шри-Ланка астанасында мыңдаған адам наразылық акциясына шықты. Сол күні жоспарланған бейбіт шерудің орнына наразылық білдірушілер полиция тосқауылдарын бұзып өтіп, президент сарайын басып алды.
Дәрігерлердің айтуынша, наразылық салдарынан кем дегенде 40 адам, оның ішінде екі полицей жараланды.
Коронавирус пандемиясы шетелдік валютаның негізгі көзі саналатын туризм секторына кері әсер етіп, Шри-Ланка жеткілікті мөлшерде жанармай сатып ала алмай қалды.
Елде азық-түлік, бірінші қажеттіліктегі тауар, дәрі-дәрмек, газ тапшылығы сезіліп жатыр. Көптеген ауданда жанармай тапшылығына байланысты тұрақты түрде электр қуаты өшірілуде.
Арал мемлекетінің сыртқы қарызы 51 миллиард долларға бағаланды.
Жаңалықтар
0