Спорт

Қазақстан тумасы UFC турнирінің басты жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен жеңді

CC0 / / Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында UFC Apex аренасында UFC on ESPN 39 турнирінің басты жекпе-жегі өтті.
Жекпе-жекте Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев (11-1) пен бразилиялық файтер Рафаэль дос Аньос (31-13) жұдырықтасты, деп хабарлайды sports.kz.
Жеңіл салмақтағы жекпе-жек бес раундқа жоспарланған болатын, бірақ ол соңына дейін өтпеді. Физиев соңғы бес минутта қарсыласын нокаутпен жеңді.
Осылайша, Рафаэль он екінші жеңісіне қол жеткізсе, дос Аньос ММА-да он төртінші рет жеңіліске ұшырады.
Айта кетері, Рафаэль Физиев 1993 жылы 5 наурызда Жамбыл облысы Қордай ауылында дүниеге келген.
Жаңалықтар
0