Әлем

Шанхай тұрғыны ауруханада адамдарды кепілге алды

CC0 / Nino Carè / Күшпен ұстау
Күшпен ұстау - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2022
Жазылу
Ол қарумен төрт адамды жаралаған
НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде - Sputnik. Сенбі күні ер адам Шанхай ауруханасында адамдарға пышақпен шабуыл жасады, төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости Хуанпу аудандық қоғамдық қауіпсіздік басқармасына сілтеме жасап.
Сенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11.30-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9.30) полицияға "Жуйцзинь" ауруханасында адамдарға шабуыл жасалғаны туралы хабар түсті.
Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары аурухананың амбулаториялық бөлімінде адамдарды кепілде ұстап, пышақ кезенген ер адамды анықтады.
Ер адам кепілше алынған адамдардың бірін жараламақ болған кезде полиция қызметкерлері оған қарсы оқ атқан.
Зардап шеккен төрт адамға қажетті медициналық көмек көрсетілді, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Ұсталған адам мұндай әрекетке баруының себебін әлі түсіндірмеді.
Жаңалықтар
0