https://sputnik.kz/20220709/nelikten-ystyqta-tabet-tomendeydi-26028039.html
Диетолог ыстықта тәбет неге төмендейтінін айтты
Диетолог ыстықта тәбет неге төмендейтінін айтты
Sputnik Қазақстан
Адамның дене температурасы аштық немесе тоқтық сигналдарының бірі болып табылады 09.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-09T14:38+0500
2022-07-09T14:38+0500
2022-07-09T14:58+0500
ыстық
су
диетолог
https://sputnik.kz/img/997/61/9976192_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_9b0b2d834854bf681b5f75a60afd8ee1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Медицина ғылымдарының докторы, диетолог Михаил Гинзбург жылы мезгілде тәбеттің болмауына не себеп болғанын айтып берді. Дене қызуы адамның тамақтану тәртібін реттейтін факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан аптап ыстықта тәбеттің төмендеуінде тұрған ештеңе жоқ, деп атап өтті Михаил Гинзбург Sputnik радиосына берген сұхбатында. "Расында да ыстық кезде тәбет төмендейді. Тамақ жеген кезде энергияның бір бөлігі жылу түрінде бөлінеді және бұл біз үшін тамақтануды тоқтататын уақыт жеткені туралы белгі. Егер дене температурасы төмендеп кетсе, бұл тамақтануды бастау сигналы, себебі адамға энергия қажет. Ыстық ауа райы адамда жылу түзілуіне әсер етеді. Сол себепті ыстық ауа-райында аз, ал суық мезгілде көбірек тамақ жеу қалыпты жағдай. Көбісі аптап ыстықта тіпті тамақтанғысы келмейтінін байқайды. Ал ауа-райы нашарлап, бірнеше күн жаңбыр жауғанда, тәбет бірден пайда болады. Бұл физиологиялық механизм", - деп түсіндірді диетолог. Ол ыстық мезгілде тәбеттің болмауының артықшылығы бар деп есептейді. Дәрігер көп жеуге мәжбүрлемеуге, бірақ суды, қантсыз сусындарды көп ішіп, көкөністер мен шөптерді көбірек жеуге кеңес берді. Бірақ ыстық басылған кезде де тәбет пайда болмаса, бұл қандай да бір аурудың белгісі болуы мүмкін. Диетологтың пікірінше, мұндай жағдайда дәрігерге қаралу қажет. "Тәбеттің болмауы аурудың белгісі болуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда басқа белгілер де болады. Тәбеттің төмендеуімен қатар жүретін аурулар әлсіздікпен, мазасыздықпен және ауырсынумен сипатталады. Сонымен қатар, температура көтерілген кезде де тәбет жоғалады ", - Михаил Гинзбург.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/997/61/9976192_141:0:1280:854_1920x0_80_0_0_20749e42af7e42247a33bc37ee756c7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ыстық, су, диетолог
Диетолог ыстықта тәбет неге төмендейтінін айтты
14:38 09.07.2022 (жаңартылды: 14:58 09.07.2022) Адамның дене температурасы аштық немесе тоқтық сигналдарының бірі болып табылады
НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Медицина ғылымдарының докторы, диетолог Михаил Гинзбург жылы мезгілде тәбеттің болмауына не себеп болғанын айтып берді.
Дене қызуы адамның тамақтану тәртібін реттейтін факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан аптап ыстықта тәбеттің төмендеуінде тұрған ештеңе жоқ, деп атап өтті Михаил Гинзбург
Sputnik радиосына берген сұхбатында.
"Расында да ыстық кезде тәбет төмендейді. Тамақ жеген кезде энергияның бір бөлігі жылу түрінде бөлінеді және бұл біз үшін тамақтануды тоқтататын уақыт жеткені туралы белгі. Егер дене температурасы төмендеп кетсе, бұл тамақтануды бастау сигналы, себебі адамға энергия қажет. Ыстық ауа райы адамда жылу түзілуіне әсер етеді. Сол себепті ыстық ауа-райында аз, ал суық мезгілде көбірек тамақ жеу қалыпты жағдай. Көбісі аптап ыстықта тіпті тамақтанғысы келмейтінін байқайды. Ал ауа-райы нашарлап, бірнеше күн жаңбыр жауғанда, тәбет бірден пайда болады. Бұл физиологиялық механизм", - деп түсіндірді диетолог.
Ол ыстық мезгілде тәбеттің болмауының артықшылығы бар деп есептейді. Дәрігер көп жеуге мәжбүрлемеуге, бірақ суды, қантсыз сусындарды көп ішіп, көкөністер мен шөптерді көбірек жеуге кеңес берді.
"Бұл маусымдық детоксикация, сауықтандыру сәті болуы мүмкін. Белгілі бір уақыт ішінде тұтынылатын калория мөлшерінің төмендеуі денені жасартып, жасушаларды тазартады деген ақпарат бар. Мұны аутофагия деп атайды. Шектеулі тамақтану кезінде көп адам жасару сәтін сезіне алады, мысалы, кей адамдардың қан қысымы төмендейді" - деді Михаил Гинзбург.
Бірақ ыстық басылған кезде де тәбет пайда болмаса, бұл қандай да бір аурудың белгісі болуы мүмкін. Диетологтың пікірінше, мұндай жағдайда дәрігерге қаралу қажет.
"Тәбеттің болмауы аурудың белгісі болуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда басқа белгілер де болады. Тәбеттің төмендеуімен қатар жүретін аурулар әлсіздікпен, мазасыздықпен және ауырсынумен сипатталады. Сонымен қатар, температура көтерілген кезде де тәбет жоғалады ", - Михаил Гинзбург.