https://sputnik.kz/20220709/eki-zhigit-koligin-urlap-qostanay-26027039.html
Екі жігіт елордалық тұрғынның көлігін ұрлап, Қостанайға апарып сатып жіберген
Екі жігіт елордалық тұрғынның көлігін ұрлап, Қостанайға апарып сатып жіберген
Sputnik Қазақстан
Аулада тұрған автокөліктің есігі ашық қалған 09.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-09T13:24+0500
2022-07-09T13:24+0500
2022-07-09T13:24+0500
өңірлер
көлік
ұрлық
https://sputnik.kz/img/old/1155/59/11555962_0:70:1118:699_1920x0_80_0_0_a7feb3c18ca9c684689465b16cecb81c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында автокөлік ұрлаған екі жас жігіт ұсталды. Полицияның мәліметінше, күдіктілер темір тұлпарды Қостанай облысына апарып, арзан бағаға сатып жіберген.Астаналық тұрғын полицияға арызданды. Айтуынша, белгісіз біреулер үйдің ауласында тұрған "ВАЗ 2110" маркалы автокөлігін ұрлап кеткен.Тергеу барысында 19 бен 20 жастағы екі күдікті ұсталды.Анықталғандай, олар түнде аулада есігі ашық қалған автокөлікті байқаған. Көліктің кілті жоқ болғандықтан, күдіктілер алдымен оны итеріп жолға алып шыққан. Содан кейін интернеттен көлікті кілтсіз қалай оталдыруға болатынын қарап, айдап әкеткен.Бұл фактіге қатысты "ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталғандар өз кінәсін мойындады, көлік иесіне қайтарылды.Қазір жас жігіттердің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1155/59/11555962_47:0:1071:768_1920x0_80_0_0_96ec72189aa2cdf9218d71418f3606d7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік, ұрлық
Екі жігіт елордалық тұрғынның көлігін ұрлап, Қостанайға апарып сатып жіберген
Аулада тұрған автокөліктің есігі ашық қалған
НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында автокөлік ұрлаған екі жас жігіт ұсталды. Полицияның мәліметінше, күдіктілер темір тұлпарды Қостанай облысына апарып, арзан бағаға сатып жіберген.
Астаналық тұрғын полицияға арызданды. Айтуынша, белгісіз біреулер үйдің ауласында тұрған "ВАЗ 2110" маркалы автокөлігін ұрлап кеткен.
Тергеу барысында 19 бен 20 жастағы екі күдікті ұсталды.
Анықталғандай, олар түнде аулада есігі ашық қалған автокөлікті байқаған. Көліктің кілті жоқ болғандықтан, күдіктілер алдымен оны итеріп жолға алып шыққан. Содан кейін интернеттен көлікті кілтсіз қалай оталдыруға болатынын қарап, айдап әкеткен.
"Күдіктілер ұрланған көлікпен Қостанай облысына дейін барып, сол жерде еш құжатсыз оны арзан бағаға сатып жіберген. Келтірілген шығын сомасы 500 мың теңгені құрады", - деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл фактіге қатысты "ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталғандар өз кінәсін мойындады, көлік иесіне қайтарылды.
Қазір жас жігіттердің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.