Өңірлер

Қарағандыда бала лифт шахтасына құлап кетті

© Sputnik / Владислав ВодневЛифт
Лифт - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2022
Жазылу
Жағдайы тұрақты болғанымен, ауыр халде
НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Қарағандыда 11 жасар бала құрылысы аяқталмаған ғимараттың лифт шахтасына құлап кетті.
Полицияның мәліметінше, жазатайым оқиға 3 шілдеде болды. Бала ауыр жарақат алғанымен, аман қалды, деп хабарлады ekaraganda.kz басылымы.
"Ол медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп мәлімдеді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бала облыстық балалар клиникалық ауруханасында жатыр.
"Жағдайы тұрақты болғанымен, ауыр халде", - дейді дәрігерлер.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Ғимарат толық салынбағаны белгілі. Ол жеке меншік болып табылады және профлистпен қоршалған.
Бірақ жақын маңдағы үйлердің тұрғындары балалар кейде оның аумағына кіріп, сол жерде ойнайтынын жеткізді.
Жаңалықтар
0