https://sputnik.kz/20220708/arselormittal-temirtau-smayylov-26010437.html
"АрселорМиттал Теміртау" қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек – Смайылов
"АрселорМиттал Теміртау" қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек – Смайылов
Sputnik Қазақстан
Үкімет басшысы "АрселорМиттал Теміртауды" өндірістегі апаттарды азайту бойынша пәрменді шаралар қабылдауға шақырды 08.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-08T14:17+0500
2022-07-08T14:17+0500
2022-07-08T14:19+0500
арселормиттал теміртау
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/07e6/07/08/26007320_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_a3c4cb7977e1c64edf5ac796e7154c06.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде премьер-министр Әлихан Смайылов Теміртау қаласының өнеркәсіп және әлеуметтік нысандарын аралады.Үкімет басшысы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның 3-домна пешінің жұмысымен танысты, сондай-ақ облыс және кәсіпорын басшылығымен өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.Әлихан Смайылов металлургия қауіптілігі аса жоғары өндіріс саласы екенін атап өтті. Бұл ретте "АрселорМиттал Теміртауда" аталған проблема өткір болып тұр, ал кәсіпорында жүргізіліп жатқан қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету шаралары жағдайды түбегейлі жақсартуға мүмкіндік беріп отырған жоқ.Үкімет басшысының пікірінше, технологиялық процестерді жаңғыртуға, оның ішінде моральдық тұрғыда әбден тозығы жеткен жабдықтарды жаңартуға бөлінген инвестициялар жеткіліксіз. Бұл – өндірістегі апаттық жағдайлардың туындауына әкелетін басты себептердің бірі.Сонымен қатар премьер-министр экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды."Күн тәрбіндегі экологиялық мәселелер өткір тұр. Мемлекет басшысы біздің алдымызға тиісті міндеттер қойып отыр. Сондықтан бұл мәселе бойынша бірлесіп жұмыс істеуіміз керек", — деді ол.Осыған байланысты үкімет басшысы кәсіпорын басшылығын өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу және экологиялық міндеттемелерді сақтау бойынша пәрменді шаралар әзірлеуге шақырды.
https://sputnik.kz/20220620/arselormittal-temirtau-4-adam-olimi-eki-basshy-ustaldy-25651848.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/08/26007320_200:0:1400:900_1920x0_80_0_0_881e7bdab2e9c3f6ad1509b7a9476fd1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
арселормиттал теміртау, әлихан смайылов
арселормиттал теміртау, әлихан смайылов
"АрселорМиттал Теміртау" қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек – Смайылов
14:17 08.07.2022 (жаңартылды: 14:19 08.07.2022) Үкімет басшысы "АрселорМиттал Теміртауды" өндірістегі апаттарды азайту бойынша пәрменді шаралар қабылдауға шақырды
НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде премьер-министр Әлихан Смайылов Теміртау қаласының өнеркәсіп және әлеуметтік нысандарын аралады.
Үкімет басшысы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның 3-домна пешінің жұмысымен танысты, сондай-ақ облыс және кәсіпорын басшылығымен өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Әлихан Смайылов металлургия қауіптілігі аса жоғары өндіріс саласы екенін атап өтті. Бұл ретте "АрселорМиттал Теміртауда" аталған проблема өткір болып тұр, ал кәсіпорында жүргізіліп жатқан қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету шаралары жағдайды түбегейлі жақсартуға мүмкіндік беріп отырған жоқ.
Үкімет басшысының пікірінше, технологиялық процестерді жаңғыртуға, оның ішінде моральдық тұрғыда әбден тозығы жеткен жабдықтарды жаңартуға бөлінген инвестициялар жеткіліксіз. Бұл – өндірістегі апаттық жағдайлардың туындауына әкелетін басты себептердің бірі.
"Жыл сайын өндірісте 10-12 адам мерт болады. Жабдықтардың әбден тозығы жеткен, жаңғыртуға салынатын инвестициялар деңгейі басқа кәсіпорындармен салыстырғанда 2-3 есе төмен. Мұны түзету керек. Инвестиция көлемін кезең-кезеңмен арттырып, ең алдымен, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек", — деді Смайылов компания басшылығына.
Сонымен қатар премьер-министр экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды.
"Күн тәрбіндегі экологиялық мәселелер өткір тұр. Мемлекет басшысы біздің алдымызға тиісті міндеттер қойып отыр. Сондықтан бұл мәселе бойынша бірлесіп жұмыс істеуіміз керек", — деді ол.
Осыған байланысты үкімет басшысы кәсіпорын басшылығын өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу және экологиялық міндеттемелерді сақтау бойынша пәрменді шаралар әзірлеуге шақырды.