https://sputnik.kz/20220708/aqsh-ukrainadagy-batystyq-qaru-zharaqtyn-qayta-eksporttaluyna-alandauly-26050042.html
АҚШ Украинадағы батыстық қару-жарақтың қайта экспортталуына алаңдаулы
АҚШ Украинадағы батыстық қару-жарақтың қайта экспортталуына алаңдаулы
Sputnik Қазақстан
Украинаға НАТО жолдаған қару-жарақтың үшінші елдерге сатылуын әшкере ететін мақалалар Батыстың тап қазір шындықты білгенінің белгісі емес, бұл Киевке әскери... 08.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-08T10:11+0500
2022-07-08T10:11+0500
2023-08-09T17:16+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
қару-жарақ
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0c/18382920_0:370:2932:2019_1920x0_80_0_0_53ce4aa86832845490bc48026253088d.jpg
Украинаға НАТО жолдаған қару-жарақтың үшінші елдерге сатылуын әшкере ететін мақалалар Батыстың тап қазір шындықты білгенінің белгісі емес, бұл Киевке әскери көмек беруді біртіндеп бәсеңдетуге таптырмас себеп болып отыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.Батыс Киев режиміне қару-жарақ жеткізу арқылы Ресейді бәсеңдетуді көздеп отырғаны жасырын емес. Бірақ, Әскери іс-қимыл мақсатына қол жеткізбесе, Ресейдің күш-қуаты басым түсіп, Украинаның ауқымды бөлігін бақылауға алса, ендеше, миллиардтаған еуро мен доллар ешқандай пайда әкеліп жатқан жоқ. АҚШ пен НАТО қаражатты текке жұмсамайтыны анық. Сондықтан Украина Қарулы күшерін қаржыландыру қысқартылады. Оған себеп те табылды.Болгарияның Bulgarian Military сайты 5 шілдеде украин әскерилері ресейлік тарапқа 155 миллиметрлі екі CAESAR гаубицаны 240 мың долларға сатып жібергенін жазды. Ал бұл қос техниканың нарықтағы бағасы 14 миллион долларға жуықтайды.Bulgarian Military басылымы Javelin танкке қарсы басқарылатын зымыранды 30 мың долларға, яғни 6 есе арзан бағаға сатуды көздеген заңсыз әрекетті әшкереледі. Ал Javelin кешені толықтай шамамен 470 мың доллар тұрады.Shūkan Gendai басылымы Жапония барлау қызметінің экс басшысы мәлімдемесін жариялады: "Америка мен батыс қару-жарағы жеткізіліп жатқан Украина баяғыдан-ақ Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін заңсыз қару-жарақ саудасы жүзеге асырылатын орынға айналған". Бүгінде Батыс жолдаған қару-жарақ бүкіл әлемді шарлап жүр және ол қандай қауіпті адамның қолына түсетіні белгісіз.The Washington Post газеті "Украинаға қару-жарақтың шамадан көп бағытталуы қару-жарақ контрабандасының өршуіне алып келу қаупі бар" деп жазды. Украинада Батыс пен кез келген қару жиі "жоғалып", Азия мен Африка елдеріне сатылып жатыр."Артық қару-жарақты Азия мен Африка елдеріне сатудың украин жүйесі 1990-шы жылдары қалыптасқан. Жас мемлекеттің қалыптасуы кезеңінде Украина Қарулы күштеріне тиесілі арсеналдың басым бөлігі талан-тараж болды. АҚШ пен НАТО бұдан хабардар. Олар тек бұл фактіге көз жұма қарап келді. Ентагон аналитигі Карен Квятковски Киевтің батыс қаруын қайта экспорттаумен айналысуы күтілген жағдай болғанын, себебі Украина Қарулы күштері НАТО қаруын үлкен көлемде пайдалануға дайын емес екенін айтты", - деп жазды Хроленко.Бүгінде Украинада қалыптасқан жағдай әскери іс-қимылдың ауқымына, түрлі әскери құрылымдардың көптігіне байланысты сырттан бақылауға келмей тұр. Соғыс кезінде қанша қару қолданылғанын немесе жоғалғанын кейін анықтау мүмкін емес. Қаруды қайта сату бойынша Украинада қозғалған онға жуық қылмыстық іс жүйені өзгерте алмайды.Интерпол Украинада жиналған жалдамалы жауынгерлер қатарында мафия ұйымдарының мүшелері де бар екенін, бұл бүкіл әлемде жоғары технологиялық қарудың таралу қаупін тудырып отырғанын жазды. Ұйым мәліметі бойынша, соңғы айларда Украинаның заңсыз нарығында 300 мыңға жуық қару-жараққ сатылған. Интерполдың бас хатшысы Юрген Шток украин дағдарысының салдарынан Балқан түбегі өңірінде және Африка елдерінде заңсыз қару-жарақ айналымы артатынына сенімді.НАТО елдері Киев режиміне әскери техника арқылы қолдау көрсетудің қандай салдарға алып келетінін әлі дұрыс ұғынбай отыр. Батыстың антиресейлік саясатының арқасында Украинаға жер бетінен жоғалып кету қаупі төніп тұр. Осы туралы АҚШ қорғаныс министрінің экс-кеңесшісі полковник Дуглас Макгрегор әріптестері мен одақтастарға ескертті.Ресейдің арнайы операциясының төрт айында Украина Қарулы күштерінің барлық дерлік әскери техникасы жойылды. Еске салсақ, Киевке КСРО-дан 8 мыңға жуық танк, 10 мың жауынгерлік машина, 20 мың артиллерия, 1100-ден астам әскери ұшақ пен 400 тікұшақ, Қара теңіз флотының жүздеген кемесі мұраға қалды. Бұл арсеналдың көп бөлігі тәуелсіздіктің алғашқы 15 жылында Азия мен Африка елдеріне тез сатылып кетті. Ал Украинаның қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары тоқырап, тіпті кеңестік атыс қаруына арналған патрондар шығаруға шамасы жетпеді."Украинаға қару-жарақпен қолдау көрсету іс-әрекеті біртіндеп НАТО мен АҚШ—тың Ресеймен тікелей қақтығысына қарай ауысып жатыр. Сондықтан Мәскеудің шешім "қабылдау орталықтарына" соққы жасау ықтималдылығы туралы тікелей ескертуі ең алдымен Вашингтон, Брюссель, Берлин, Варшава және Лондонға қатысты", - деп жазды сарапшы.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0c/18382920_102:0:2831:2047_1920x0_80_0_0_d1f3ecacca0c1b5c4db90106b0d38aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қару-жарақ
Украинаға НАТО жолдаған қару-жарақтың үшінші елдерге сатылуын әшкере ететін мақалалар Батыстың тап қазір шындықты білгенінің белгісі емес, бұл Киевке әскери көмек беруді біртіндеп бәсеңдетуге таптырмас себеп болып отыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Батыс Киев режиміне қару-жарақ жеткізу арқылы Ресейді бәсеңдетуді көздеп отырғаны жасырын емес. Бірақ, Әскери іс-қимыл мақсатына қол жеткізбесе, Ресейдің күш-қуаты басым түсіп, Украинаның ауқымды бөлігін бақылауға алса, ендеше, миллиардтаған еуро мен доллар ешқандай пайда әкеліп жатқан жоқ. АҚШ пен НАТО қаражатты текке жұмсамайтыны анық. Сондықтан Украина Қарулы күшерін қаржыландыру қысқартылады. Оған себеп те табылды.
Болгарияның Bulgarian Military сайты 5 шілдеде украин әскерилері ресейлік тарапқа 155 миллиметрлі екі CAESAR гаубицаны 240 мың долларға сатып жібергенін жазды. Ал бұл қос техниканың нарықтағы бағасы 14 миллион долларға жуықтайды.
Bulgarian Military басылымы Javelin танкке қарсы басқарылатын зымыранды 30 мың долларға, яғни 6 есе арзан бағаға сатуды көздеген заңсыз әрекетті әшкереледі. Ал Javelin кешені толықтай шамамен 470 мың доллар тұрады.
Shūkan Gendai басылымы Жапония барлау қызметінің экс басшысы мәлімдемесін жариялады: "Америка мен батыс қару-жарағы жеткізіліп жатқан Украина баяғыдан-ақ Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін заңсыз қару-жарақ саудасы жүзеге асырылатын орынға айналған". Бүгінде Батыс жолдаған қару-жарақ бүкіл әлемді шарлап жүр және ол қандай қауіпті адамның қолына түсетіні белгісіз.
The Washington Post газеті "Украинаға қару-жарақтың шамадан көп бағытталуы қару-жарақ контрабандасының өршуіне алып келу қаупі бар" деп жазды. Украинада Батыс пен кез келген қару жиі "жоғалып", Азия мен Африка елдеріне сатылып жатыр.
"Артық қару-жарақты Азия мен Африка елдеріне сатудың украин жүйесі 1990-шы жылдары қалыптасқан. Жас мемлекеттің қалыптасуы кезеңінде Украина Қарулы күштеріне тиесілі арсеналдың басым бөлігі талан-тараж болды. АҚШ пен НАТО бұдан хабардар. Олар тек бұл фактіге көз жұма қарап келді. Ентагон аналитигі Карен Квятковски Киевтің батыс қаруын қайта экспорттаумен айналысуы күтілген жағдай болғанын, себебі Украина Қарулы күштері НАТО қаруын үлкен көлемде пайдалануға дайын емес екенін айтты", - деп жазды Хроленко.
Бүгінде Украинада қалыптасқан жағдай әскери іс-қимылдың ауқымына, түрлі әскери құрылымдардың көптігіне байланысты сырттан бақылауға келмей тұр. Соғыс кезінде қанша қару қолданылғанын немесе жоғалғанын кейін анықтау мүмкін емес. Қаруды қайта сату бойынша Украинада қозғалған онға жуық қылмыстық іс жүйені өзгерте алмайды.
Интерпол Украинада жиналған жалдамалы жауынгерлер қатарында мафия ұйымдарының мүшелері де бар екенін, бұл бүкіл әлемде жоғары технологиялық қарудың таралу қаупін тудырып отырғанын жазды. Ұйым мәліметі бойынша, соңғы айларда Украинаның заңсыз нарығында 300 мыңға жуық қару-жараққ сатылған. Интерполдың бас хатшысы Юрген Шток украин дағдарысының салдарынан Балқан түбегі өңірінде және Африка елдерінде заңсыз қару-жарақ айналымы артатынына сенімді.
НАТО елдері Киев режиміне әскери техника арқылы қолдау көрсетудің қандай салдарға алып келетінін әлі дұрыс ұғынбай отыр. Батыстың антиресейлік саясатының арқасында Украинаға жер бетінен жоғалып кету қаупі төніп тұр. Осы туралы АҚШ қорғаныс министрінің экс-кеңесшісі полковник Дуглас Макгрегор әріптестері мен одақтастарға ескертті.
Ресейдің арнайы операциясының төрт айында Украина Қарулы күштерінің барлық дерлік әскери техникасы жойылды. Еске салсақ, Киевке КСРО-дан 8 мыңға жуық танк, 10 мың жауынгерлік машина, 20 мың артиллерия, 1100-ден астам әскери ұшақ пен 400 тікұшақ, Қара теңіз флотының жүздеген кемесі мұраға қалды. Бұл арсеналдың көп бөлігі тәуелсіздіктің алғашқы 15 жылында Азия мен Африка елдеріне тез сатылып кетті. Ал Украинаның қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары тоқырап, тіпті кеңестік атыс қаруына арналған патрондар шығаруға шамасы жетпеді.
"Украинаға қару-жарақпен қолдау көрсету іс-әрекеті біртіндеп НАТО мен АҚШ—тың Ресеймен тікелей қақтығысына қарай ауысып жатыр. Сондықтан Мәскеудің шешім "қабылдау орталықтарына" соққы жасау ықтималдылығы туралы тікелей ескертуі ең алдымен Вашингтон, Брюссель, Берлин, Варшава және Лондонға қатысты", - деп жазды сарапшы.
Әскери шолушы Александр Хроленконың
Telegram арнасы