https://sputnik.kz/20220708/almaty-pandemiyanyn-zhana-tolqyny-26007471.html
Алматы пандемияның жаңа толқынына 23 ковидтік клиника дайындады
Алматы пандемияның жаңа толқынына 23 ковидтік клиника дайындады
Sputnik Қазақстан
Жұқтыру ошақтарының ең көп саны Бостандық, Алмалы, Алатау, Бостандық және Медеу аудандарының аумағында орналасқан 08.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-08T13:13+0500
2022-07-08T13:13+0500
2022-07-08T13:13+0500
алматы
аурухана
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/05/15129269_0:85:1616:994_1920x0_80_0_0_0615ebfa829349b8f9236279dec281c2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Алматыда пандемияның жаңа толқынына қуаттылығы 7000 төсек-орындық қуаты бар, оның ішінде 250 реанимациялық орындық 23 ковидтік клиника дайындалды, деп хабарлады коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия. Бүгін Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Шаһар басшылығымен бірлесіп, бейнебайланыс режимінде қаланың ауруханалары мен емханаларының 70-тен астам бас дәрігерлерінің қатысуымен кеңес өткізілді. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайдың өзекті мәселелері және мегаполисте COVID-19 таралуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар барысы қаралды. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қалада сырқаттанушылықтың өсу жағдайларына, сондай-ақ МСАК жұмысын үйлестірудің, вакцинация мен ревакцинацияны ұйымдастырудың маңыздылығына, Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесінің коронавирус инфекциясы аурушаңдығының кезекті ықтимал өршуіне дайындық деңгейіне назар аударды. Медициналық қоғамдастық өкілдерімен кеңес барысында КВИ алдын алу мәселелері қаралды. Тұрғындарды жұқтыруды азайту мақсатында қала әкімшілігі вакциналау мен ревакцинацияға, науқастарды оқшаулауға бақылауды күшейту, негізгі алдын алу шараларын сақтау қажеттілігі туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кеңес соңында вице-премьер қала басшылығына COVID-19-ға қарсы иммундау науқанын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді күшейту қажеттілігін атап өтті. Еске салсақ, коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша Алматы "сары" аймақта. Көктемнің басы мен орта шегінде ауру көрсеткіштерінің төмендеуінен кейін қайта жоғарылау тенденциясы байқалуды. Осылайша, ауруға шалдығу деректерінің өсуі 0,2% - ке дейін өсті, таралу коэффициенті 1-ден жоғары. Жұқтыру ошақтарының ең көп саны Бостандық, Алмалы, Алатау, Бостандық және Медеу аудандарының аумағында орналасқан. Дәрігерлер инфекцияның өсу себептері мен көздері-қоғамдық орындарға бару, үй ошақтарындағы, қалалық көліктегі, жұмыс орнындағы байланыстар, сондай-ақ вакцинация мен ревакцинация қарқынының төмендеуінен деп есептейді.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/05/15129269_88:0:1528:1080_1920x0_80_0_0_2059f57d9cec62d67d644412774503a5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, аурухана
Алматы пандемияның жаңа толқынына 23 ковидтік клиника дайындады
Жұқтыру ошақтарының ең көп саны Бостандық, Алмалы, Алатау, Бостандық және Медеу аудандарының аумағында орналасқан
НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Алматыда пандемияның жаңа толқынына қуаттылығы 7000 төсек-орындық қуаты бар, оның ішінде 250 реанимациялық орындық 23 ковидтік клиника дайындалды, деп хабарлады коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Бүгін Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Шаһар басшылығымен бірлесіп, бейнебайланыс режимінде қаланың ауруханалары мен емханаларының 70-тен астам бас дәрігерлерінің қатысуымен кеңес өткізілді.
Қазіргі эпидемиологиялық жағдайдың өзекті мәселелері және мегаполисте COVID-19 таралуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар барысы қаралды. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қалада сырқаттанушылықтың өсу жағдайларына, сондай-ақ МСАК жұмысын үйлестірудің, вакцинация мен ревакцинацияны ұйымдастырудың маңыздылығына, Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесінің коронавирус инфекциясы аурушаңдығының кезекті ықтимал өршуіне дайындық деңгейіне назар аударды.
"Бүгін қойылған міндеттерді қаланың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерімен бірлесіп талдап, коронавирус инфекциясының алдын алу және таралуына жол бермеу бойынша қажетті шаралар қабылдауды сұраймын", - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
Медициналық қоғамдастық өкілдерімен кеңес барысында КВИ алдын алу мәселелері қаралды. Тұрғындарды жұқтыруды азайту мақсатында қала әкімшілігі вакциналау мен ревакцинацияға, науқастарды оқшаулауға бақылауды күшейту, негізгі алдын алу шараларын сақтау қажеттілігі туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кеңес соңында вице-премьер қала басшылығына COVID-19-ға қарсы иммундау науқанын күшейтуді тапсырды.
Сондай-ақ, халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді күшейту қажеттілігін атап өтті. Еске салсақ, коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша Алматы "сары" аймақта. Көктемнің басы мен орта шегінде ауру көрсеткіштерінің төмендеуінен кейін қайта жоғарылау тенденциясы байқалуды.
Осылайша, ауруға шалдығу деректерінің өсуі 0,2% - ке дейін өсті, таралу коэффициенті 1-ден жоғары. Жұқтыру ошақтарының ең көп саны Бостандық, Алмалы, Алатау, Бостандық және Медеу аудандарының аумағында орналасқан.
Дәрігерлер инфекцияның өсу себептері мен көздері-қоғамдық орындарға бару, үй ошақтарындағы, қалалық көліктегі, жұмыс орнындағы байланыстар, сондай-ақ вакцинация мен ревакцинация қарқынының төмендеуінен деп есептейді.