Түлектер арасында ең танымал мамандықтар белгілі болды

© CC0 / Rubén GonzáleСтоматология
Стоматология  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев қазақстандық түлектер арасында ең көп сұранысқа ие мамандықтарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, техникалық мамандықтар арасында ең танымалы – ІТ бағыты. Екінші орында – тіс дәрігері мамандығы. Ал үшінші орында педагогикалық мамандықтар тұр.
"Бейінді пәндердің қорытындысы бойынша талапкерлердің 27%-і техникалық мамандықтарға түсу үшін физика-математика комбинациясын тапсырған. Техникалық мамандықтар арасында ең беделдісі – ІТ. Екінші орында 18%-і – химия-биология. Бұл жерде стоматология ең көп сұранысқа ие. Үшінші орында – педагогикалық мамандықтар", - деді Емелбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетері, биыл республикада ҰБТ бойынша орташа балл 66 ұпайды құрады. Ең жоғары балл – 139. Үш мыңнан астам талапкер 120 балдан жоғары жинаған.
ҰБТ қорытындысы бойынша талапкерлердің 67%-і шекті балл жинады. Былтырғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7%-ке жоғары. Түлектердің 51 мыңға жуығы, яғни 33%-і шекті балл жинай алмаған.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2022
ҰБТ-да орташа ұпай 66 балл болды
Жаңалықтар
0