https://sputnik.kz/20220707/teniz-ken-orny-materialdyq-komek-25978430.html
Теңіз кен орнындағы апат: қаза тапқандардың отбасына материалдық көмек көрсетіледі
Теңіз кен орнындағы апат: қаза тапқандардың отбасына материалдық көмек көрсетіледі
Sputnik Қазақстан
Полиция департаменті "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бабы бойынша тергеу бастады 07.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-07T09:46+0500
2022-07-07T09:46+0500
2022-07-07T09:46+0500
өңірлер
материалдық көмек
https://sputnik.kz/img/07e5/05/13/17095190_0:320:3073:2048_1920x0_80_0_0_d5efcf2ee9d8f99bb6deec9210750392.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Теңіз кен орнында құбыр жарылысынан қаза тапқан және зардап шеккендердің отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі.Апаттың себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылуда. Соның аясында тиісті жұмыс жүргізіледі, деп хабарлайды "Мой город" порталы.Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі өңір басшысы Серік Шәпкенов төтенше жағдайға байланысты шұғыл кеңес өткізгенін мәлімдеді.Еске салсақ, 6 шілде күні Теңіз кен орнында құбыр жарылды. Салдарынан екі адам қаза болды, тағы үшеуі зардап шекті.Оқиға орнында "Сенімді Құрылыс" ЖШС жұмысшысы көз жұмды, ал "Агропром техника" компаниясының қызметкері ауруханада жан тапсырды. Басқа мердігерлік ұйымдардың үш жұмысшысы жарақат алды.Зардап шеккендердің бірі "Теңізшевройл" ЖШС-ға тиесілі ұшақпен облыстық ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен екінші жұмысшы Жылыой аудандық ауруханасына жатқызылды. Ол жамбас буынының жабық жарақатын алды. Қазір жағдайы орташа. Үшінші жұмысшыға "ТШО клиникасы" медициналық мекемесінің қызметкерлері психологиялық көмек көрсетіп жатыр.
https://sputnik.kz/20220706/teniz-ken-ornynda-zharylys-bolyp-eki-zhumysshy-koz-zhumdy-25970681.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/13/17095190_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_99a7cd330b711ad1828ee13ddb9a0187.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
материалдық көмек
Теңіз кен орнындағы апат: қаза тапқандардың отбасына материалдық көмек көрсетіледі
Полиция департаменті "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бабы бойынша тергеу бастады
НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Теңіз кен орнында құбыр жарылысынан қаза тапқан және зардап шеккендердің отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі.
Апаттың себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылуда. Соның аясында тиісті жұмыс жүргізіледі, деп хабарлайды
"Мой город" порталы.
Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі өңір басшысы Серік Шәпкенов төтенше жағдайға байланысты шұғыл кеңес өткізгенін мәлімдеді.
"Серік Шәпкенов қаза болған жұмысшылардың отбасына қайғырып көңіл айтты. Ол көз жұмған және зардап шеккен қызметкерлердің отбасына қажетті материалдық көмек көрсетілетінін атап өтті. Бұған қоса, өңір басшысы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына жарақат алған жұмысшыларға қажетті медициналық көмек көрсетуді тапсырды", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, 6 шілде күні Теңіз кен орнында құбыр жарылды. Салдарынан екі адам қаза болды, тағы үшеуі зардап шекті.
Оқиға орнында "Сенімді Құрылыс" ЖШС жұмысшысы көз жұмды, ал "Агропром техника" компаниясының қызметкері ауруханада жан тапсырды. Басқа мердігерлік ұйымдардың үш жұмысшысы жарақат алды.
Зардап шеккендердің бірі "Теңізшевройл" ЖШС-ға тиесілі ұшақпен облыстық ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен екінші жұмысшы Жылыой аудандық ауруханасына жатқызылды. Ол жамбас буынының жабық жарақатын алды. Қазір жағдайы орташа. Үшінші жұмысшыға "ТШО клиникасы" медициналық мекемесінің қызметкерлері психологиялық көмек көрсетіп жатыр.