Қарақалпақстанда қазақстандықтарға көмек көрсететін штаб құрылды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуӨзбекстан туы
Өзбекстан туы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде - Sputnik. Өзбекстанда төтенше жағдай режиміне байланысты Қарақалпақстаннан шыға алмаған Қазақстан азаматтарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылды.
"Қарақалпақстанда жүрген Қазақстан азаматтарына көмек көрсету мәселелерін шешу бойынша жедел штаб ұйымдастырылғанын хабарлаймыз", - делінген Өзбекстан ІІМ хабарламасында.
Ведомствоның хабарлауынша, қазақстандықтар көмек алу үшін мына телефон нөмірі бойынша хабарласа алады: +9989 61 224 82 06, +99899 385 86 44.
Телефондар аптасына 7 күн 24 сағат жұмыс істейді. Сондай-ақ, тікелей штабқа жүгінуге болады: Нүкіс, Пушкин көшесі, 22а.
Қарақалпақстандағы толқулардан кейін 2 шілдеде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы Даут-ата – Тәжен өткізу пункті жабылды. 4 шілдеде үш күн шекарада болған 50-ге жуық қазақстандыққа үйлеріне орала алмайтыны хабарланды. Шекарадағы азаматтар, олардың көпшілігі балалар ақша, тамақ және сусын жоқтығына шағымданып ел билігіне бейнеүндеу жолдады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2022
Әлем
Қарақалпақстанда митинг өтті – видео
Жаңалықтар
0