Қарағандыда "банк қызметкері" сотталды

© AP Photo / Jean-Francois BadiasАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2022
Жазылу
Тұрғындарды 43 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ әйелге үкім шықты
НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Қарағанды тұрғындарын 43 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ әйел сотталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Қарағандының 50 жастағы тұрғыны қалалықтардың сеніміне кіріп, 2019-2021 жылдар аралығында ақшасын жымқырған. Сонымен қатар әйел өзін әртүрлі банктің қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға ипотека мен субсидияны еш қиындықсыз рәсімдеуге уәде берген. Ол әлеуметтік желіде өз қызметі туралы хабарландыру жариялаған. Барлығы 30-ға жуық адам алаяқтың сөзіне сенген.
Жәбірленушілер алғашқы жарна ретінде 450 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі қомақты сома берген. Ең алғашқы арыздар Қарағанды қаласының ПБ-ның Жаңа-Майқұдық полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінен түсе бастайды.
Полицейлер күдіктіні ұстады. Қылмыстық іс бойынша айыпталушыға үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Әр эпизод бойынша алаяқтың кінәсі дәлелденді, барлығы – 29.
Тергеудің аяқталуына байланысты қылмыстық іс Қарағанды қаласының Октябрь ауданының сотына жіберілді.
Сот сотталушыны толық кінәлі деп таныды. Жасаған ісіне шын жүректен өкінетінін, кәмелетке толмаған екі баласының бар екенін ескере отырып, оған пробациялық бақылау орната отырып, 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ сотталған адам жазаны өтеу мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылды. Үкім заңды күшіне енді.
Жаңалықтар
0