https://sputnik.kz/20220707/nazarbaev-eskertkishi-azamat-batyrbaev-25976161.html
Назарбаев ескерткішін қиратты деп айыпталған Азамат Батырбаев сотталды
Назарбаев ескерткішін қиратты деп айыпталған Азамат Батырбаев сотталды
Sputnik Қазақстан
Сотталушыға қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысты және билік өкілдеріне күш қолданды деген айып тағылды 07.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-07T08:00+0500
2022-07-07T08:00+0500
2022-07-07T08:01+0500
ескерткіш
назарбаев
https://sputnik.kz/img/14/33/143363_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_aaca1228d89da4aa26e959355c20f58d.jpg
ТАЛДЫҚОРҒАН, 7 шілде – Sputnik. Талдықорғандағы Назарбаев ескерткішін қиратты деп айыпталған Жетісу облысының 38 жастағы тұрғыны шартты түрде сотталды.Талдықорған қалалық сотында Азамат Батырбаевқа қатысты үкім шықты.Еске сала кетейік, 38 жастағы Азамат Батырбаев қаңтарда Талдықорғанда болған тәртіпсіздікке қатысқаны үшін жауапқа тартылды. Ол 2016 жылы орталық алаңда орнатылған Назарбаев ескерткішін бұзу кезінде жүк көлігін жүргізген.Кейінірек Батырбаевты аяусыз азаптағаны туралы ақпарат қоғамды дүрліктірді. Оның денесін күйдіріп, көгала қойдай етіп сабап тастаған.Ер адам тәртіп сақшылары үтікпен азаптағанын айтты, содан кейін полиция қызметкерлерінің бірі ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/14/33/143363_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_d6ec3f17a4a3d8b0278a54263bc52ac4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ескерткіш, назарбаев
Назарбаев ескерткішін қиратты деп айыпталған Азамат Батырбаев сотталды
08:00 07.07.2022 (жаңартылды: 08:01 07.07.2022) Сотталушыға қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысты және билік өкілдеріне күш қолданды деген айып тағылды
ТАЛДЫҚОРҒАН, 7 шілде – Sputnik. Талдықорғандағы Назарбаев ескерткішін қиратты деп айыпталған Жетісу облысының 38 жастағы тұрғыны шартты түрде сотталды.
Талдықорған қалалық сотында Азамат Батырбаевқа қатысты үкім шықты.
"Тергеу материалдары мен сотталушының өз кінәсін мойындағаны туралы процессуалдық келісім сотқа түсті. Сот шешімімен ол шартты түрде 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Осы мерзімде сотталушыға пробациялық бақылау жасалады", - деп хабарлады Талдықорған қалалық соты.
Еске сала кетейік, 38 жастағы Азамат Батырбаев қаңтарда Талдықорғанда болған тәртіпсіздікке қатысқаны үшін жауапқа тартылды. Ол 2016 жылы орталық алаңда орнатылған Назарбаев ескерткішін бұзу кезінде жүк көлігін жүргізген.
Кейінірек Батырбаевты аяусыз азаптағаны туралы ақпарат қоғамды дүрліктірді. Оның денесін күйдіріп, көгала қойдай етіп сабап тастаған.
Ер адам тәртіп сақшылары үтікпен азаптағанын айтты, содан кейін полиция қызметкерлерінің бірі ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.