https://sputnik.kz/20220707/larisa-pakt-antikor-buryngy-qyzmetkerleri-kudikke-ilindi-25977088.html
Лариса Пактың ісі: Антикордың бұрынғы қызметкерлері күдікке ілінді
Лариса Пактың ісі: Антикордың бұрынғы қызметкерлері күдікке ілінді
Sputnik Қазақстан
Екі жыл тергеуде болған Лариса Пак 2019 жылы шілдеде қайтыс болды 07.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-07T08:37+0500
2022-07-07T08:37+0500
2022-07-07T08:47+0500
қоғам
күдікті
https://sputnik.kz/img/1255/66/12556614_0:0:2049:1153_1920x0_80_0_0_44942fc16e7284211d706d81300cb401.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Антикор фармация комитеті басшысының экс-міндетін атқарушы Лариса Пакқа рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолдану фактісі бойынша тергеу бастады.Жедел тергеу тобы қылмыстық істі 2017-2018 жылдар аралығында тергеген. Кейін қылмыс құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды.Ал 2019 жылғы 6 шілдеде осы қылмыстық іс бойынша күдікті Лариса Пак қайтыс болды.2020 жылғы 7 желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыс құрамының болмауына байланысты Лариса Пак толық ақталғанын мәлімдеді."Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қазір таратылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының құқықтық мұрагері ретінде Лариса Юн-Бойевна Пактың туыстарына қайғырып көңіл айтады және келтірілген зиян үшін ресми түрде кешірім сұрайды", - деді Антикор.Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.Еске салсақ, 2017 жылы 6 шілдеде Лариса Пак ірі көлемде пара алды және тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында препараттар сатып алу кезінде бюджет ақшасын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды. Тергеу екі жылға созылды. Осы кезеңде Лариса Пактың денсаулығы нашарлап кетті. 2019 жылы 6 шілдеде ол қайтыс болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1255/66/12556614_157:0:1694:1153_1920x0_80_0_0_8ed0ab272c9dbf596ef61d3172a1f477.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
күдікті
Лариса Пактың ісі: Антикордың бұрынғы қызметкерлері күдікке ілінді
08:37 07.07.2022 (жаңартылды: 08:47 07.07.2022) Екі жыл тергеуде болған Лариса Пак 2019 жылы шілдеде қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Антикор фармация комитеті басшысының экс-міндетін атқарушы Лариса Пакқа рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолдану фактісі бойынша тергеу бастады.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитеті төрағасының бұрынғы міндетін атқарушы Лариса Пакқа қатысты қылмыстық істі тергеуге қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы қызметкерлерінің рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп хабарлады Антикор.
Жедел тергеу тобы қылмыстық істі 2017-2018 жылдар аралығында тергеген. Кейін қылмыс құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды.
Ал 2019 жылғы 6 шілдеде осы қылмыстық іс бойынша күдікті Лариса Пак қайтыс болды.
2020 жылғы 7 желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыс құрамының болмауына байланысты Лариса Пак толық ақталғанын мәлімдеді.
"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қазір таратылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының құқықтық мұрагері ретінде Лариса Юн-Бойевна Пактың туыстарына қайғырып көңіл айтады және келтірілген зиян үшін ресми түрде кешірім сұрайды", - деді Антикор.
Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.
Еске салсақ, 2017 жылы 6 шілдеде Лариса Пак ірі көлемде пара алды және тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында препараттар сатып алу кезінде бюджет ақшасын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды. Тергеу екі жылға созылды. Осы кезеңде Лариса Пактың денсаулығы нашарлап кетті. 2019 жылы 6 шілдеде ол қайтыс болды.