https://sputnik.kz/20220707/kedendik-rasimdeu-uderisi-avtomattandyrylady-25981762.html
Жыл соңына дейін кедендік рәсімдеу үдерісі толық автоматтандырылады
Жыл соңына дейін кедендік рәсімдеу үдерісі толық автоматтандырылады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-транзит әлеуетін дамыту жөніндегі кеңесте үкіметке жыл соңына дейін кедендік рәсімдеу... 07.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-07T14:00+0500
2022-07-07T14:00+0500
2022-07-07T14:00+0500
кеден
https://sputnik.kz/img/1259/35/12593557_0:157:1600:1057_1920x0_80_0_0_829a9452c5018ccc595b027c5daccab3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-транзит әлеуетін дамыту жөніндегі кеңесте үкіметке жыл соңына дейін кедендік рәсімдеу үдерісін және шекаралық бақылауды толық автоматтандыруды тапсырды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.Автожол инфрақұрылымын дамыту мәселесі де маңызды салалардың бірі. Мемлекет басшысының айтуынша, ең алдымен, құрылысы басталған магистральды бағыттардағы (Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат, Атырау – Астрахань, Алматы – Қарағанды және Талдықорған – Өскемен) қайта жаңарту жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтау қажет.Сонымен қатар президент бюджет қаражатын тиімді пайдалану және отандық компанияларды кеңінен тарту қажет екеніне назар аударды.Жиын барысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, энергетика министрі Болат Ақшолақов, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев баяндама жасады. Сондай-ақ талқылауға премьер-министр Әлихан Смайылов, премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев қатысты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1259/35/12593557_177:0:1600:1067_1920x0_80_0_0_4a391afaf4489e611e109e11d5cd6922.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кеден
НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-транзит әлеуетін дамыту жөніндегі кеңесте үкіметке жыл соңына дейін кедендік рәсімдеу үдерісін және шекаралық бақылауды толық автоматтандыруды тапсырды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Автожол инфрақұрылымын дамыту мәселесі де маңызды салалардың бірі. Мемлекет басшысының айтуынша, ең алдымен, құрылысы басталған магистральды бағыттардағы (Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат, Атырау – Астрахань, Алматы – Қарағанды және Талдықорған – Өскемен) қайта жаңарту жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтау қажет.
Сонымен қатар президент бюджет қаражатын тиімді пайдалану және отандық компанияларды кеңінен тарту қажет екеніне назар аударды.
"Жобаларды жүзеге асыру барысында бюджетті барынша тиімді пайдалану және отандық өнімдердің көлемін арттыру басты қағидат болуы керек", – деді мемлекет басшысы.
Жиын барысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, энергетика министрі Болат Ақшолақов, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев баяндама жасады. Сондай-ақ талқылауға премьер-министр Әлихан Смайылов, премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев қатысты.