Ақорда мұнай экспортын қайта бағдарлау идеясында саяси астар бар дегенді жоққа шығарды

© Sputnik / Константин Гаранин / Медиабанкке өтуБуровая установка, архивное фото
Буровая установка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2022
Жазылу
Бұл бір күндік жұмыс емес, ұзақ мерзімді жоспар, деді ол
НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай ресейлік БАҚ-тың Қазақстанның Транскаспий бағдарына мұнай экспортын қайта бағыттау жөніндегі жоспарына қатысты пікірден кейін түсініктеме жариялады.
Тоқаевтың баспасөз хатшысының түсіндіруінше, ең алдымен, геосаяси тұрақсыздық жағдайында Қазақстанның көмірсутегін халықаралық нарыққа жеткізу бағыттарын әртараптандыру туралы сөз болып отыр.

"Бұл бір күндік жұмыс емес, ұзақ мерзімді жоспар. Шын мәнінде, қабылданған шешімдердің ешқандай саяси астары жоқ. Ресей біздің стратегиялық серіктесіміз әрі одақтасымыз болып қала береді. Оның мүддесіне нұқсан келтіретін қандай да бір іс-әрекеттерге жол берілмейді. Қазақстан тарапына қатысты да осындай әрекеттер жасалмайды деп үміттенеміз", – деп атап өтті Желдібай.

Еске салсақ, бейсенбіде Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөнінде кеңес өткізді. Ол Транскаспий бағдарын мұнай экспортының басым бағыты деп атады.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы "ҚазМұнайГазға" оны іске асырудың оңтайлы нұсқасын, оның ішінде Теңіз жобасының инвесторларын тарту мүмкіндігін пысықтауды тапсырды.
Үкіметке "Самұрық-Қазынамен" бірлесіп, Атырау – Кеңқияқ және Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларының қуатын арттыру бойынша шаралар тапсырылды.
Жаңалықтар
0