https://sputnik.kz/20220706/zhusan-qazaqstandyqtar-sogys-video-25974053.html
"Жусанның" ащы иісі: жас қазақстандықтардың соғыстан кейінгі балалық шағы – видео
"Жусанның" ащы иісі: жас қазақстандықтардың соғыстан кейінгі балалық шағы – видео
Sputnik Қазақстан
Сириядағы қазақстандықтарды қайтару бойынша гуманитарлық арнайы операцияға дайындық төрт жыл бұрын басталған. ҰҚК қызметкері Отанына қайтарылған балалардың... 06.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-06T17:40+0500
2022-07-06T17:40+0500
2022-07-06T17:40+0500
видео
сирия
https://sputnik.kz/img/07e6/07/05/25965587_783:0:4424:2048_1920x0_80_0_0_de6297cbd36e7fc10240bcc9dea51e4c.jpg
2019 жылдың басында Сириядан "Жусан" операциясы аясында соғыс аймағынан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген алғашқы көліктер елге келді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнасында сол кезде балалармен жұмыс істеген қызметкердің естеліктері жазылған видео жарияланды.Операция барысында Сириядан барлығы 600-ден астам адам, оның ішінде 413-і бала елге оралды.Балаларды "бейбіт" өмірге қайта бейімдеу үшін қалыпты күнделікті тәртіпке үйретті: ұйқыдан ояну, жаттығу, таңғы ас, сабақ оқу, түскі ас және тағы осы секілді іс-әрекетке дағдыландырды. Олар спортпен және шығармашылықпен айналысты. Осы кезеңде балалардың бойында оң өзгерістер пайда бола бастады.Жазда балалар мен олардың аналары үшін лагерь ұйымдастырылып, мұнда психологтар мен мұғалімдер жұмыс істеді. Содан кейін мектепке дайындық басталды.Қазақстанның мұндай балалармен жұмыс істеу тәжірибесін бірегей деп атауға болады. Бұл тәжірибені қазір халықаралық қауымдастық – ұйымдар мен осы тектес проблемаларға тап болған елдер мұқият зерделеп жатыр.Сириядағы соғыс кезінде туып-өскен балалардың не айтқаны, нені армандағаны және олармен жұмыс қалай жүргізілгені туралы толығырақ видеодан көруге болады.
сирия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/05/25965587_1436:0:4167:2048_1920x0_80_0_0_6d1c7a72476ca65d61c100aba1ee68f9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сирия, видео
"Жусанның" ащы иісі: жас қазақстандықтардың соғыстан кейінгі балалық шағы – видео
Сириядағы қазақстандықтарды қайтару бойынша гуманитарлық арнайы операцияға дайындық төрт жыл бұрын басталған. ҰҚК қызметкері Отанына қайтарылған балалардың қандай қиындықпен бетпе-бет келгені туралы айтып берді
2019 жылдың басында Сириядан "Жусан" операциясы аясында соғыс аймағынан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген алғашқы көліктер елге келді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнасында сол кезде балалармен жұмыс істеген қызметкердің естеліктері жазылған видео жарияланды.
Операция барысында Сириядан барлығы 600-ден астам адам, оның ішінде 413-і бала елге оралды.
Балаларды "бейбіт" өмірге қайта бейімдеу үшін қалыпты күнделікті тәртіпке үйретті: ұйқыдан ояну, жаттығу, таңғы ас, сабақ оқу, түскі ас және тағы осы секілді іс-әрекетке дағдыландырды. Олар спортпен және шығармашылықпен айналысты. Осы кезеңде балалардың бойында оң өзгерістер пайда бола бастады.
Жазда балалар мен олардың аналары үшін лагерь ұйымдастырылып, мұнда психологтар мен мұғалімдер жұмыс істеді. Содан кейін мектепке дайындық басталды.
Қазақстанның мұндай балалармен жұмыс істеу тәжірибесін бірегей деп атауға болады. Бұл тәжірибені қазір халықаралық қауымдастық – ұйымдар мен осы тектес проблемаларға тап болған елдер мұқият зерделеп жатыр.
Сириядағы соғыс кезінде туып-өскен балалардың не айтқаны, нені армандағаны және олармен жұмыс қалай жүргізілгені туралы толығырақ видеодан көруге болады.