Он адам ұсталды: ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция өткізді

© Photo : КНБҰлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция өткізді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция өткізді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан мен Қырғызстанның құқық қорғау органдарымен бірлесе іс-әрекет етіп, Орталық Азия елдерінде заңсыз есірткі өндірісімен айналысатын халықаралық есірткі синдикатының жолын кесу бойынша арнайы операцияны жүзеге асырды.
"Көп кезеңді жедел іс-шаралар шеңберінде 2022 жылғы 2-3 маусымда Алматы қаласында "альфа-PVP" есірткі затының 17,7 келісін тасымалдау және сақтау кезінде есірткі қылмысына қатысты топтың 4 көмекшісі ұсталды. Ұсталғандардың бірінің тұрғылықты мекенжайы бойынша психотроптық заттарды өндіретін жерасты зертхана табылды", - деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Есірткі контрабандалық жолмен Қырғызстанға жіберуге, сондай-ақ Шымкент және Өскемен қалаларында сатуға арналған болып шықты.
Қылмыстық топтың байланыстарын жою үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанның ІІМ-мен өзара іс-қимылды іске асырды.
Нәтижесінде 5 маусымда Бішкек қаласында жасырын жерден 3 келі есірткі затын алу кезінде Қырғызстанның 3 азаматы ұсталды.
Арнайы операцияның соңғы кезеңі Өскемен және Шымкент қалаларында бір мезгілде 3 есірткі курьерінің ұсталуымен аяқталды. Оларды тексеру барысында 2 келі есірткі табылды.
Жалпы терроризмге қарсы операция барысында есірткі қылмысына қатысы бар 10 адам ұсталып, ірі есірткі лабораториясының жұмысы тоқтатылды.
Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 22,7 келіні құрады (68 мың "бір реттік дозаға" тең).
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі іс-шаралар өткізіліп жатыр.
© Photo : КНБҰлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция өткізді
КНБ провел спецоперацию по ликвидации международного наркосиндиката - фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2022
Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция өткізді
Жаңалықтар
0