https://sputnik.kz/20220706/nur-sultan-suburqaqtar-ishek-tayaqshasy-25969484.html
Нұр-Сұлтан субұрқақтарынан ішек таяқшасы табылды: 40 бала ауруханаға түсті
Нұр-Сұлтан субұрқақтарынан ішек таяқшасы табылды: 40 бала ауруханаға түсті
Sputnik Қазақстан
Елодада субұрқақтарға шомылған ондаған бала ауруханаға жатқызылды 06.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-06T12:21+0500
2022-07-06T12:21+0500
2022-07-06T12:21+0500
елорда тынысы
фонтандар
балалар
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1c/17467004_21:0:3662:2048_1920x0_80_0_0_9e9bb6943fb3dd3b39192f824f52c728.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Санитарлық дәрігерлер елордадағы субұрқақтарды тексеріп, ішек таяқшасы инфекциясын тапты.Жаз басталғалы ішек таяқшасы инфекциясымен дәрігерлерге 264 адам жүгінген, 40 бала стационарларда ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.Энтеровирустың таралуына дәл сол субұрқақтар себеп болды дейді мамандар. Ішек таяқшасы инфекциясының таралуы елорданың оң жағалауындағы қала тұрғындарының сүйікті жерінде басталған. Онда балалар барлық тыйымға қарамастан өздеріне "жағажай" демалысын ұйымдастырады.Сол жағалаудың дәл орталығында да тазалық пен тәртіпті мұқият қадағалағанның өзінде заңбұзушылықтар бар. Мәселен судың лайлылық деңгейі бір жарым еседен асады. Бірақ балалар, әсіресе аптап ыстықта, бұдан қорықпайды.Сулы-жасыл бульвардағы ән шырқайтын субұрқақ таза саналады. Судың мөлдірлігін алыстан бағалауға болады. Бірақ тіпті оған да шомылудың қажеті жоқ деп ескертті мамандар. Субұрқақ – бұл күрделі механизм. Сымды зақымдағанда адамды тоқ соғуы мүмкін. Су аллергиясы бар адамдар үшін де қауіпті."Біз суға химиялық реагенттер қосамыз. Бұл хлор, алгицид. Егер адамда аллергия болса, бұл әртүрлі аллергиялық бөртпе және тағы басқаға әкеп соғуы мүмкін. Шынымен де аптап ыстық болғанда балаларды судан алып шығу қиын. Ал біз қалай қорқытамыз? Міне барлық жерде ақпараттық тақта ілулі тұр. Біз айыппұл саламыз деп қорқытамыз. Оларға айыппұл салынады, полиция шақырамыз деген сияқты", - деді субұрқақ шебері Владимир Назаров.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1c/17467004_476:0:3207:2048_1920x0_80_0_0_cab7bb9fd6628fd5748993d7bcb678b3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
фонтандар, балалар
Нұр-Сұлтан субұрқақтарынан ішек таяқшасы табылды: 40 бала ауруханаға түсті
Елодада субұрқақтарға шомылған ондаған бала ауруханаға жатқызылды
НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Санитарлық дәрігерлер елордадағы субұрқақтарды тексеріп, ішек таяқшасы инфекциясын тапты.
Жаз басталғалы ішек таяқшасы инфекциясымен дәрігерлерге 264 адам жүгінген, 40 бала стационарларда ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Энтеровирустың таралуына дәл сол субұрқақтар себеп болды дейді мамандар. Ішек таяқшасы инфекциясының таралуы елорданың оң жағалауындағы қала тұрғындарының сүйікті жерінде басталған. Онда балалар барлық тыйымға қарамастан өздеріне "жағажай" демалысын ұйымдастырады.
"Бұл субұрқақтарда қаңғыбас иттер жиі шомылып, құстар су ішеді. Ал олардың вирус тасымалдайтыны барлығына белгілі. Суда ішек таяқшасы инфекциясын жұқтырып қана қоймай, А гепатиті мен конъюнктивит жұқтыру ықтималдығы жоғары. Сонымен қатар ыстықта суда бактериялар тез көбейетінін ұмытпаған жөн", - деді Нұр-Сұлтан қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі Аяжан Қалқабекова.
Сол жағалаудың дәл орталығында да тазалық пен тәртіпті мұқият қадағалағанның өзінде заңбұзушылықтар бар. Мәселен судың лайлылық деңгейі бір жарым еседен асады. Бірақ балалар, әсіресе аптап ыстықта, бұдан қорықпайды.
Сулы-жасыл бульвардағы ән шырқайтын субұрқақ таза саналады. Судың мөлдірлігін алыстан бағалауға болады. Бірақ тіпті оған да шомылудың қажеті жоқ деп ескертті мамандар. Субұрқақ – бұл күрделі механизм. Сымды зақымдағанда адамды тоқ соғуы мүмкін. Су аллергиясы бар адамдар үшін де қауіпті.
"Біз суға химиялық реагенттер қосамыз. Бұл хлор, алгицид. Егер адамда аллергия болса, бұл әртүрлі аллергиялық бөртпе және тағы басқаға әкеп соғуы мүмкін. Шынымен де аптап ыстық болғанда балаларды судан алып шығу қиын. Ал біз қалай қорқытамыз? Міне барлық жерде ақпараттық тақта ілулі тұр. Біз айыппұл саламыз деп қорқытамыз. Оларға айыппұл салынады, полиция шақырамыз деген сияқты", - деді субұрқақ шебері Владимир Назаров.