Өңірлер

Алматы тұрғындары үйлеріне электр бағаны құлайды деп қорқып отыр – видео

© Photo : Pixabay / David MarkАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 6 шілде – Sputnik. Электр бағаны құлаудың аз-ақ алдында тұр, зиратты шайып кетуі мүмкін. Алматыдағы Алатау шағын ауданына қарасты саяжай тұрғындары биліктен көмек сұрап отыр.
Almaty.tv телеарнасының мәліметінше, қауіпті аймақ маңында оннан аса отбасы тұрады. Адамдар қатты ағыстан Цыганка өзенінің жағасын үнемі су шайып, жар құлайтынын айтып шағымдануда.
"Қараңыздар, бұл жерде үйлер тұр, егер электр желісінің қондырғысы құлайтын болса, мына бірінші үйде жеті адам тұрады, оның үшеуі кішкентай бала", - дейді шағын аудан тұрғындары.
Қисайған электр бағанасы бірнеше айдан бері жергілікті тұрғындарға тыныштық бермей келеді. Ол жартастың шетінде тұр, құлап кетуі мүмкін, ал жақын жерде өзен ағып жатыр.
"Баған құлап, үйлерді зақымдауы мүмкін, адам өлімі де болуы мүмкін. Электриктер де тура солай айтты. Қайғылы жағдай болмаса, олар мұнда келмейді", - деп алаңдайды қала тұрғыны Надежда Иманкулова.
Тұрғындардың айтуынша, өзен суы жағалауды тез бұзып жатыр. Бастапқыда өзен мен тірек арасындағы қашықтық 20 метр болған, бірақ көп ұзамай ол үш метрге дейін қысқарды. Ал судан үш метр қашықтықта зират орналасқан. Тұрғындар жағалауды су басып, мәйіттер суда жүзеді деп қорқады.
"Менің күйеуім қайтыс болды, міне оның зираты. Енді ол зираттан үнемі қирап келе жатқан өзенге дейін үш метр. Бұл дегенің жақын арада күйеуімнің зираты өзен ағысымен кетеді деген сөз ғой", - дейді саяжай тұрғыны.
Жергілікті тұрғындар Медеу ауданының аумағында тұрады, ал өзен Алматы облысына тиесілі.
"Бұл Цыганка арнасы, оның арнасы кезбе, әр 5-10 жыл сайын арнасын өзгертеді. Бұл жағдайда су жағалауды шайып, жартасты құлатады. Бірақ біз шаралар қабылдап жатырмыз, габиондармен нығайтамыз және бұл жұмыс апатты жағдайларды жойғанға дейін жалғасады", - деп сендірді учаске бастығы Еркімбай Қондыбаев.
Жаңалықтар
0