Алматы маңында ерлі-зайыпты жол апатынан көз жұмды, олардың 4 жасар қызы аман қалды

© Photo : Instagram (Запрещен в РФ) /Krispi.almatyАлматы маңында ерлі-зайыпты жол апатынан көз жұмды
Алматы маңында ерлі-зайыпты жол апатынан көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2022
Жазылу
ТАЛДЫҚОРҒАН, 6 шілде – Sputnik. Алматы облысында жол апатынан ерлі-зайыпты көз жұмды. Олардың кішкентай баласы мен тағы екі адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Әлеуметтік желіде Volvo жол талғамайтын көлігі мен Mercedes Benz көлігінің соқтығысқаны туралы ақпарат тарап жатыр. Автор қатты соққыдан екі көліктің де бүктетіліп қалғанын хабарлады. Сондай-ақ апаттан қаза болған әйелдің егіз балаға жүкті болғаны айтылған.
Факт 6 шілдеге қараған түні Іле ауданы аумағында тіркелгені белгілі болды.
Өңір полициясы көліктер Байсерке-Қараой тасжолының 26-шы шақырымында соқтығысқанын нақтылады. Алдын ала мәлімет бойынша жол апатына қарсы жолаққа шығып кеткен 32 жастағы Volvo жүргізушісі кінәлі.
"Mercedes Benz салонында болған ер адам мен әйел қаза тапты. Сондай-ақ жарақат алған үш адам, оның ішінде 4 жасар қыз ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство бұл факт бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.
Жаңалықтар
0