https://sputnik.kz/20220705/shoygu-ukrainaga-batys-zhoneltken-qaru-zharaq-qayta-ketip-zhatqanyn-aytty-26058610.html
Шойгу Украинаға Батыс жөнелткен қару-жарақ қайта кетіп жатқанын айтты
Шойгу Украинаға Батыс жөнелткен қару-жарақ қайта кетіп жатқанын айтты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Батыстың Украинаға жеткізген шетелдік қару-жарақтарының бір бөлігі Таяу Шығысқа бағытталып, сондай-ақ заңсыз нарықта сатылып... 05.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-05T15:47+0500
2022-07-05T15:47+0500
2022-07-12T11:47+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
сергей шойгу
https://sputnik.kz/img/07e6/07/05/25957110_0:191:2200:1429_1920x0_80_0_0_b3bf87dd0bb3e49eb8fabef5bc5f0df0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Батыстың Украинаға жеткізген шетелдік қару-жарақтарының бір бөлігі Таяу Шығысқа бағытталып, сондай-ақ заңсыз нарықта сатылып жатыр. Бұл туралы Ресейдің қорғаныс министрі армия генералы Сергей Шойгу селекторлық кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости."Қолда бар деректерге сәйкес, Батыстың Украинаға жолдаған қару-жарағының бір бөлігі Таяу Шығыс аймағына таралып, сонымен бірге заңсыз нарықта сатылып жатыр", - деді Шойгу.Сондай-ақ Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Батыс елдері Украинаға 28 мың тоннадан астам әскери жүк тасымалдаған.Украинаға қару-жарақ жеткізгені үшін Ресей бұған дейін НАТО елдеріне нота жолдады. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ бар кез келген жүк Ресей үшін "заңды нысанаға" айналатынын атап өтті.Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігі НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы жағдайды ушықтырып отырғанын мәлімдеді. РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинаға Батыстан қару-жарақ жеткізу Ресей – Украина келіссөздерінің сәтті өтуіне ықпал етпейтінін және кері әсер ететінін атап өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/05/25957110_295:0:2200:1429_1920x0_80_0_0_7848520be0f81922b1a17b24f0df0a70.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сергей шойгу
Шойгу Украинаға Батыс жөнелткен қару-жарақ қайта кетіп жатқанын айтты
15:47 05.07.2022 (жаңартылды: 11:47 12.07.2022) НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Батыстың Украинаға жеткізген шетелдік қару-жарақтарының бір бөлігі Таяу Шығысқа бағытталып, сондай-ақ заңсыз нарықта сатылып жатыр. Бұл туралы Ресейдің қорғаныс министрі армия генералы Сергей Шойгу селекторлық кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды
РИА Новости. "Қолда бар деректерге сәйкес, Батыстың Украинаға жолдаған қару-жарағының бір бөлігі Таяу Шығыс аймағына таралып, сонымен бірге заңсыз нарықта сатылып жатыр", - деді Шойгу.
Сондай-ақ Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Батыс елдері Украинаға 28 мың тоннадан астам әскери жүк тасымалдаған.
Украинаға қару-жарақ жеткізгені үшін Ресей бұған дейін НАТО елдеріне нота жолдады. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ бар кез келген жүк Ресей үшін "заңды нысанаға" айналатынын атап өтті.
Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігі НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы жағдайды ушықтырып отырғанын мәлімдеді. РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинаға Батыстан қару-жарақ жеткізу Ресей – Украина келіссөздерінің сәтті өтуіне ықпал етпейтінін және кері әсер ететінін атап өтті.