Ресейдің қару-жарақ экспортында авиация неге басымдыққа ие

© Sputnik / Георгий Зимарев / Медиабанкке өтуСамолет Су-30СМ
Самолет Су-30СМ  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2022
Жазылу
Ресейлік өндіріске жататын жоғары технологиялық жойғыш ұшақтар жауынгерлік тиімділігі, сапасы мен бағасы бойынша әлем нарығында үздік деп танылып отыр. Бұл туралы ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко жазды.
"Рособоронэкспорт" басшысы Александр Михеев 4 шілдеде Ресей қару-жарақ экспортының жалпы көлеміндегі әуе техникасын жеткізу үлесі 50 проценттен асқанын айтты. Соңғы жиырма жылда 700-ге жуық Су-27/Су-30 соғыс ұшағы шетелге сатылды, ал 2021 жылы компанияның тапсырыстар портфелі Су-30СМ ұшағын жеткізуге арналған жаңа келісімшарттармен толықты.
Сатып алушылар мемлекеттік қауіпсіздікті қорғау үшін ұлттық әскери-әуе күштерін нығайтуды көздеп отыр. Олар ресейлік өндіріске жататын қозғалтқыштар, авионика, қару-жарақ, әскери ұшақтардың жүйелерін жоғары бағалап отыр. Себебі, Ресей жеткізулері мен кепілдік міндеттемелерінің сенімділігін уақыт дәлелдеген.
Ресей әскери-ғарыш күштері соққы жасау авиациясының Сирия мен Украинадағы сәтті әрекеттері әлемдік нарықта Су-30СМ, Су-34, Су-35 әскери ұшақтарына сұранысты арттырады. Әуедегі үстемдік кез келген әскери қақтығыстарда жеңіске жетудің негізгі факторларының бірі болып табылады.
"Сухой" ұшақтарының маневрлілігі әуедегі ұрыста айтарлықтай артықшылық береді және қарсыластың зымыран шабуылдарына тойтарыс беруге мүмкіндік тудырады. Басқарылатын және басқарылмайтын қуатты зымыран қару-жарағы және 30 миллиметрлі авиация зеңбірегі соғыстағы басымдыққа кепілдік береді. Базалау дербестігі және ауада жанармай құю мүмкіндігі операциялық кеңістікті кеңейтеді", - деп жазды Александр Хроленко.
Ресейлік жойғыш ұшақтарға енгізілген авионика және қару-жарақ кешендерінің ашық архитектура принципі шетелдік тапсырыс берушілерге Сухой конструкторлық бюросының қатысуымен өз техникасының жүйесіне біріктіруге мүмкіндік береді. Негізгі платформаларды үздіксіз жаңғырту технологиялық басымдылықты жоғалтпастан ұшақтардың қуаты үздіксіз арттырылуын қамтамасыз етеді.
Соғыс қаупінің өсуіне байланысты әлемдік қару-жарақ нарығында тартыс күшейе түсті. Ресейлік жойғыш ұшақтарды сатып алу шетелдік операторлар мен Ресей арасындағы көпжылдық әскери-техникалық ынтымақтастықты білдіреді. Хроленконың пікірінше, АҚШ бұған кедергі келтіруге барынша тырысып жатыр. АҚШ Конгресінің маусым айындағы зерттеуі Каир ресейлік Су-35 жойғыш ұшақтарын сатып алудан бас тартса, жартылай дайын америкалық F-35 бомбалаушы ұшақтарын Мысырға өткізуді көздеп отырғанын көрсетті.
Ал америкалық "көзге түспейтін" ұшақтар нашар ұшатыны, өз ррператорлары туралы тың ақпарат жинақтап, оны АҚШ-тағы тиісті ведомстволарға жолдайтыны белгілі. Америкалықтардың одақтастары мен серіктестері Вашингтон "үстемдігіне" байланысты АҚШ-тың тозығы жеткен техникасын сатып алуға мәжбүр.
Ресейдің Су-27, Су-30, Су-35 жойғыш ұшақтары ХХІ ғасырдың басында әлемдегі жоғары сұранысқа ие техникаға айналды және Ангола, Беларусь, Венесуэла, Вьетнам, Үндістан, Индонезия, Қазақстан, Қытай, Малайзия, Уганда әуе кеңістігін сенімді қорғап тұр. Ресейлік авиацияның әскери мүмкіндіктерін мойындау, әлемдік нарықтағы жоғары сұраныс Ресей Федерациясы конструкторлық мектебінің стратегиялық артықшылығын және әскери-өнеркәсіп кешенінің жоғары тиімділігін айғақтап тұр.
4++ буынына жататын жоғары маневрлі Су-30СМ жойғыш ұшағы күндіз-түні жоғары дәлдіктегі "әуе-әуе" және "әуе-жер беті" зымыран қаруларды пайдалана алады. Ол фазалық антенналы торы бар радиолкатормен, басқарылатын тартқыш векторы бар қозғалтқыштармен және алдыңғы көлденең тіреуіштермен жабдықталған. Су-30СМ қорғанысы қарсыластың радиолокациялық станцияларын қуатты борттық радиоэлектронды күрес жүйесімен бәсеңдетуге негізделген.
"Көпмақсатты Су-35 жойғыш ұшағы әлемдегі ең үздік жедел-тактикалық ұшақ болып саналады. Ол әуедегі нысандардың кез келген тобын тежеуге және қиратуға, қарсыластың әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерімен қорғалған жер бетіндегі және су бетіндегі нысандарын жоюға арналған. 4++ буынына жататын ұшақтың маневрлілігі өте жоғары, ол нысаналарды анықтаудың белсенді және пассивті құралдарымен жабдықталған, дыбыстан жоғары жылдамдыққа, елеулі соғыс жүргізу радиусына, заманауи радиоэлектронды қауіпсіздік жүйесіне және қару-жарақтың кең номенклатурасына ие", - деп жазды Хроленко.
Ұшқышты иинтеллектуалды қолдауға арналған біріктірілген ақпараттық-басқару жүйесі Су-35 ұшағын соғыс кезінде қолданудың тиімділігін арттырады. Кей дерек бойынша, 2017 жылдың 7 сәуірінде америкалық "Томагавк" ұшақтары ресейлік Су-35С немесе Су-30СМ ұшақтарының атып түсіруіне байланысты Сирияға жете алмаған. Ресейлік техниканың радиолокациялық жүйесі су мен жер аясындағы шағын қанатты зымыранды анықтауға қабілетті.
Әлемдік авиация нарығында бесінші буынға жататын Су-57 жойғыш ұшағы әлем мамандары асыға күткен өнім болды. Ұшақ шетелдік сарапшылардан ең жоғары бағасына ие болды. Сериялық өндіріс басталғаннан кейін Су-57 Ресей әскери-ғарыш күштерінің құрамына жеткізіледі де, Су-30СМ және Су-35 жойғыш ұшақтарымен бірге Украинадағы арнайы әскери операция кезінде белсенді түрде қолданылып жатыр.
Хроленконың ақпараты бойынша, "Сухой" фирмасы жойғыш ұшақтарының ең танымал шетелдік операторларының бірі – Үндістан. Бұл елде Ресейдің әскери-әуе күштерінің негізін құрайтын Су-30МКИ жойғыш ұшақтарын лицензиялық өндіру бағдарламасын сәтті жүзеге асырылған. Үндістан жыл сайын Ресейден шамамен 5 миллиард долларға қару-жарақ сатып алады. Ресей мен Үндістан арасындағы ұзақ мерзімді әскери-техникалық ынтымақтастық көптеген елге үлгі болды.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0