https://sputnik.kz/20220705/qazaqstan-zhibek-zholy-kemesin-zhalga-algan-reseylik-kompaniyamen-kelisimdi-uzui-mumkin-25944729.html
Қазақстан "Жібек жолы" кемесін жалға алған ресейлік компаниямен келісімді үзуі мүмкін
Қазақстан "Жібек жолы" кемесін жалға алған ресейлік компаниямен келісімді үзуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Қазақстан "Жібек жолы" кемесін жалға алған ресейлік компаниямен келісімшартты үзуі мүмкін. Бұл туралы үкімет кулуарында... 05.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-05T09:29+0500
2022-07-05T09:29+0500
2022-07-05T12:27+0500
кеме
қазақстан
ресей
https://sputnik.kz/img/07e6/07/01/25886833_0:50:800:500_1920x0_80_0_0_f073106d273e86afbdee4717d30c0963.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Қазақстан "Жібек жолы" кемесін жалға алған ресейлік компаниямен келісімшартты үзуі мүмкін. Бұл туралы үкімет кулуарында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Журналистер Өскенбаевтан кеме төңірегіндегі жағдайдан кейін Қазақстанға санкция салынуы мүмкін бе деп сұрады."Қазақстан ешқандай заңды бұзбағанына жүз пайыз сенімдімін. Жалға берудің ешқандай салдары болмайды. Біз жалға бергенде ол кәсіпкер санкцияда немесе басқа да шектеулерге алынған болса, бізге уәж айтуға құқығы бар еді. Бірақ ол компанияға ешқандай шектеу қойылмаған болатын. Сол себепті заңды түрде жалдауға берді. Бірақ ол жақтан заңбұзушылық болса, Түркия немесе Украина бізге ресми түрде баяндама берсе, онда біз де зерттеп, тиісті шара қабылдап, өз шешімізді айтамыз", - деді министр.Бұған дейін бірқатар БАҚ-та Қазақстанның "Жібек жолы" кемесімен Бердянск теңіз сауда порты арқылы Украинадан астық экспортталғаны туралы ақпарат жарияланды.Осыдан кейін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы "Жібек жолы" жүк кемесінің ресейлік жалға алушысынан Бердянсктен Түркияға тасымалданған астықтың иесі қай ел екенін нақтылауды талап етті.2021 жылғы 26 қазанда "KTZ Express Shipping" ЖШС ("Жібек жолы" кемесінің иесі) ресейлік Green Line LLC компаниясымен 2022 жылдың 30 қарашасына дейін бербоут-чартер шартын жасасқан. Содан кейін "Грин-Лайн" эстониялық Mangelbert OU компаниясымен Украинадан Түркияға астық тасымалдау қызметін көрсетуге келісімшартқа отырған.
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/01/25886833_34:0:766:549_1920x0_80_0_0_99338b7cc1b5c37ca81e38ca499ae7c1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кеме, қазақстан, ресей
Қазақстан "Жібек жолы" кемесін жалға алған ресейлік компаниямен келісімді үзуі мүмкін
09:29 05.07.2022 (жаңартылды: 12:27 05.07.2022) НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Қазақстан "Жібек жолы" кемесін жалға алған ресейлік компаниямен келісімшартты үзуі мүмкін. Бұл туралы үкімет кулуарында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Егер кеме Қазақстанда және халықаралық құқықта қабылданған құқықтық нормаларға сай келмейтін тасымалмен айналысса, әрине, келісімшарт бұзылады және кеме кері қайтарылады", - деді Өскенбаев кулуарда.
Журналистер Өскенбаевтан кеме төңірегіндегі жағдайдан кейін Қазақстанға санкция салынуы мүмкін бе деп сұрады.
"Қазақстан ешқандай заңды бұзбағанына жүз пайыз сенімдімін. Жалға берудің ешқандай салдары болмайды. Біз жалға бергенде ол кәсіпкер санкцияда немесе басқа да шектеулерге алынған болса, бізге уәж айтуға құқығы бар еді. Бірақ ол компанияға ешқандай шектеу қойылмаған болатын. Сол себепті заңды түрде жалдауға берді. Бірақ ол жақтан заңбұзушылық болса, Түркия немесе Украина бізге ресми түрде баяндама берсе, онда біз де зерттеп, тиісті шара қабылдап, өз шешімізді айтамыз", - деді министр.
Бұған дейін бірқатар БАҚ-та Қазақстанның "Жібек жолы" кемесімен Бердянск теңіз сауда порты арқылы Украинадан астық экспортталғаны туралы ақпарат жарияланды.
Осыдан кейін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы "Жібек жолы" жүк кемесінің ресейлік жалға алушысынан Бердянсктен Түркияға тасымалданған астықтың иесі қай ел екенін нақтылауды талап етті.
2021 жылғы 26 қазанда "KTZ Express Shipping" ЖШС ("Жібек жолы" кемесінің иесі) ресейлік Green Line LLC компаниясымен 2022 жылдың 30 қарашасына дейін бербоут-чартер шартын жасасқан. Содан кейін "Грин-Лайн" эстониялық Mangelbert OU компаниясымен Украинадан Түркияға астық тасымалдау қызметін көрсетуге келісімшартқа отырған.