https://sputnik.kz/20220705/qazaqstan-resey-kompaniyalary-kelisimshart-25959844.html
Қазақстан-Ресей компаниялары арасында 27 келісімшарт жасалды
Қазақстан-Ресей компаниялары арасында 27 келісімшарт жасалды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. "Иннопром-2022" халықаралық өнеркәсіптік көрмесі аясында Қазақстан мен Ресей компаниялары арасында 27 екіжақты келісімшарт... 05.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-05T18:02+0500
2022-07-05T18:02+0500
2022-07-05T18:02+0500
қазақстан
ресей
келісім
https://sputnik.kz/img/07e6/07/03/25911341_0:324:772:758_1920x0_80_0_0_0fee4a33f94383779be5055ded3247dc.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. "Иннопром-2022" халықаралық өнеркәсіптік көрмесі аясында Қазақстан мен Ресей компаниялары арасында 27 екіжақты келісімшарт жасалды, деп хабарлады инфрақұрылым және индустриялық даму министрлігінің баспасөз қызметі. Осылайша "Aluminium of Kazakhstan" ЖШС-і ресейлік "ИЗА-МСК" ЖШС компаниясымен бірлесе алюминий кескіндерінің өндірісін дамыту бойыша келісімге қол қойды. "Hoffmann аluminium" сауда маркасымен танылған отандық зауыт 2013 жылы ашылған. Бүгінде өндіріс ошағы қалдықсыз жұмыс істеу технологияларын пайдалана отырып, алюминий кескіндерін өндірудің толық кезеңін қамтиды. Былтыр "Aluminium of Kazakhstan" компаниясы 5 мың тоннадан астам өнім өндірсе, биыл бұл көрсекішті 7 мың тоннаға дейін жеткізбек. Өз кезегінде дайын өнім отандық нарықтан бөлек, Украина, Ресей, Польша, Литва, Италия, Өзбекстан және Қырғызстан елдеріне экспортталады. Сонымен қатар Қарағанды құю-машина жасау зауыты мен "Римера" АҚ компаниясы Жаңаөзен қаласында мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын өндіру технологиясын игеру бойынша меморандумға қол қойды. 80 жылдық тарихы бар Қарағанды құю-машина жасау зауыты бүгінде 7 мыңнан астам өнім аталымын шығарады. Қазіргі уақытта кәсіпорында 800-ге жуық адам еңбек етеді. Заман талаптарына сай сапалы дайын өнім ТМД және Еуропа елдеріне экспортталады. Сондай-ақ көрме барысында "Казэнергокабель" АҚ "Орал пластификаторлар зауыты" ЖШС компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бүгінде "Казэнергокабель" шығарылатын өнім номенклатурасы 18 мың атаудан асатын кабельдік-өткізгіш өнімдердің ірі өндірушісі болып табылады.
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/03/25911341_0:251:772:830_1920x0_80_0_0_dcad53f86102ec8b6ffd8144e82c89dc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей, келісім
қазақстан, ресей, келісім
НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. "Иннопром-2022" халықаралық өнеркәсіптік көрмесі аясында Қазақстан мен Ресей компаниялары арасында 27 екіжақты келісімшарт жасалды, деп хабарлады инфрақұрылым және индустриялық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Осылайша "Aluminium of Kazakhstan" ЖШС-і ресейлік "ИЗА-МСК" ЖШС компаниясымен бірлесе алюминий кескіндерінің өндірісін дамыту бойыша келісімге қол қойды.
"Hoffmann аluminium" сауда маркасымен танылған отандық зауыт 2013 жылы ашылған. Бүгінде өндіріс ошағы қалдықсыз жұмыс істеу технологияларын пайдалана отырып, алюминий кескіндерін өндірудің толық кезеңін қамтиды.
Былтыр "Aluminium of Kazakhstan" компаниясы 5 мың тоннадан астам өнім өндірсе, биыл бұл көрсекішті 7 мың тоннаға дейін жеткізбек. Өз кезегінде дайын өнім отандық нарықтан бөлек, Украина, Ресей, Польша, Литва, Италия, Өзбекстан және Қырғызстан елдеріне экспортталады. Сонымен қатар Қарағанды құю-машина жасау зауыты мен "Римера" АҚ компаниясы Жаңаөзен қаласында мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын өндіру технологиясын игеру бойынша меморандумға қол қойды.
80 жылдық тарихы бар Қарағанды құю-машина жасау зауыты бүгінде 7 мыңнан астам өнім аталымын шығарады. Қазіргі уақытта кәсіпорында 800-ге жуық адам еңбек етеді. Заман талаптарына сай сапалы дайын өнім ТМД және Еуропа елдеріне экспортталады.
Сондай-ақ көрме барысында "Казэнергокабель" АҚ "Орал пластификаторлар зауыты" ЖШС компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бүгінде "Казэнергокабель" шығарылатын өнім номенклатурасы 18 мың атаудан асатын кабельдік-өткізгіш өнімдердің ірі өндірушісі болып табылады.