Қазақстандық оқушылар Қырғызстан парламентінің басшысымен кездесті

© МПА СНГҚырғызстандағы "Достастық балалары" форумы
Қырғызстандағы Достастық балалары форумы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Қырғызстанның Ыстықкөл жағалауында "Достастық балалары" VII халықаралық мәдени-білім беру форумы өтіп жатыр, деп хабарлады ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесі хатшылығының баспасөз қызметі.
Қырғыз Республикасы Жогорку кенешінің төрағасы Талант Мамытов 3 шілдеде Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей және Өзбекстаннан келген мектеп оқушыларымен әңгімелесіп, оларды форумдағы табысты жұмысымен құттықтады.
© МПА СНГҚырғызстандағы "Достастық балалары" форумы
Қырғызстандағы Достастық балалары форумы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2022
Қырғызстандағы "Достастық балалары" форумы
Достастық елдерінің жас өкілдері алдында сөйлеген сөзінде парламент басшысы "Достастық балалары" форумы диалог алаңы ғана емес, сонымен бірге болашақ ынтымақтастықтың негізін қалайтынын атап өтті.
Делегациялардың әрқайсысы Жогорку кенеш басшысына сұрақ қоюға мүмкіндік алды.
© МПА СНГҚырғызстандағы "Достастық балалары" форумы
Қырғызстандағы Достастық балалары форумы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2022
Қырғызстандағы "Достастық балалары" форумы
Балаларды Ыстықкөлдің таза да ерекше табиғатын сақтау үшін елде қандай жұмыстар атқарылып жатқаны, форум қатысушылардың болашағына қалай әсер ететіні, өскелең ұрпаққа қандай кеңес беруге болатыны қызықтырды. Достастық балалары сондай-ақ Талант Мамытовтан Отанға деген сүйіспеншілік сезімін бөлісіп, мектеп өміріндегі тағдыршешті оқиғалар туралы айтып беруін өтінді.
© МПА СНГҚырғызстандағы "Достастық балалары" форумы
Қырғызстандағы Достастық балалары форумы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2022
Қырғызстандағы "Достастық балалары" форумы
ТМД ПАА кеңесінің бас хатшысы Дмитрий Кобицкий форумға қатысушыларға ТМД ПАА кеңесінің төрағасы, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенконың құттықтау сөзін жеткізді. Бас хатшы Қырғызстан тәжірибесі Достастықтың басқа елдерінде де қолданылатынын атап өтті. Ол осыған дейінгі форум Санкт-Петербургте өткенін, келесі жылы іс-шара Өзбекстан Республикасында өтеді депжоспарланғанын еске салды.
© МПА СНГҚырғызстандағы "Достастық балалары" форумы
Қырғызстандағы Достастық балалары форумы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2022
Қырғызстандағы "Достастық балалары" форумы
Еске сала кетейік, Ыстықкөл жағалауында "Достастық балалары" форумы 26 маусымнан бері жұмыс істеп жатыр. 29 маусымда алаңда Қазақстан күні өтті – Нұр-Сұлтан қаласындағы №59 мектеп-лицейінің оқушылары басқа мемлекеттерден келген құрдастарын туған елінің мәдени салт-дәстүрімен таныстырды.
Форум аясында мектеп оқушылары үшін шеберлік сыныптары, шығармашылық сабақтар, би флешмобтары және т.б ұйымдастырылды.
Форумды ТМД Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы мен Қырғызстан парламенті ұйымдастырып отыр. Іс-шара мектеп оқушыларын Достастық елдерінің мәдениетімен, тарихымен таныстырады, дос табуға көмектеседі, көшбасшылық қабілетін дамытады.
Жаңалықтар
0