https://sputnik.kz/20220705/qazaqstan-avtokolik-benzin-dizel-25950299.html
Қазақстанда автокөлікпен бензин мен дизель отынын әкетуге тыйым салынды
Қазақстанда автокөлікпен бензин мен дизель отынын әкетуге тыйым салынды
Sputnik Қазақстан
12 шілдеден бастап Қазақстанда алты айға бірқатар жанар-жағармайды ел аумағынан алып шығуға тыйым салынады 05.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-05T14:01+0500
2022-07-05T14:01+0500
2022-07-05T14:01+0500
бензин
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0b/17834973_0:0:3436:1933_1920x0_80_0_0_9d30860bcb50bc3520442ad141f5190b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Энергетика, қаржы және ішкі істер министрлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы "Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін алып шығудың кейбір мәселелері туралы" бұйрықтарға қол қойды. Құжат бензин мен дизель отынын алып шығуға алты айға тыйым салады."Параграф" ақпараттық жүйесінде жарияланған бұйрыққа сәйкес, 12 шілдеден бастап алты айға дейін автокөлікпен бензин мен дизель отынын әкетуге тыйым салынады."Жағармайларды қоспағанда және автокөлік құралдарын өндіруші ұсынған газ бактарында, сондай-ақ көлемі 20 литрден аспайтын бөлек цистернада алып шығуды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін алып шығуға алты ай мерзімге тыйым салынсын", - деп жазылған құжатта.Қазақстан қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне өз құзыреті шегінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, бірлескен бұйрықта белгіленген тыйымды сақтау бойынша қажетті шаралар қабылдау жүктелді.Сондай-ақ үкімет Қазақстанның ішкі істер министрлігіне бензин мен дизель отынын ел аумағынан шығаруға жол бермеуге көмектесуді тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0b/17834973_556:0:3287:2048_1920x0_80_0_0_cfe0a2d697cb46602e98a25a5dcf93b3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бензин
Қазақстанда автокөлікпен бензин мен дизель отынын әкетуге тыйым салынды
12 шілдеден бастап Қазақстанда алты айға бірқатар жанар-жағармайды ел аумағынан алып шығуға тыйым салынады
НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Энергетика, қаржы және ішкі істер министрлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы "Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін алып шығудың кейбір мәселелері туралы" бұйрықтарға қол қойды. Құжат бензин мен дизель отынын алып шығуға алты айға тыйым салады.
"Параграф" ақпараттық жүйесінде жарияланған
бұйрыққа сәйкес, 12 шілдеден бастап алты айға дейін автокөлікпен бензин мен дизель отынын әкетуге тыйым салынады.
"Жағармайларды қоспағанда және автокөлік құралдарын өндіруші ұсынған газ бактарында, сондай-ақ көлемі 20 литрден аспайтын бөлек цистернада алып шығуды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін алып шығуға алты ай мерзімге тыйым салынсын", - деп жазылған құжатта.
Қазақстан қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне өз құзыреті шегінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, бірлескен бұйрықта белгіленген тыйымды сақтау бойынша қажетті шаралар қабылдау жүктелді.
Сондай-ақ үкімет Қазақстанның ішкі істер министрлігіне бензин мен дизель отынын ел аумағынан шығаруға жол бермеуге көмектесуді тапсырды.