https://sputnik.kz/20220705/onirler-mektep-formasynyn-tusi-25959259.html
Өңірлер мектеп формасының түсін өздері таңдай алады
Өңірлер мектеп формасының түсін өздері таңдай алады
Sputnik Қазақстан
Министрліктің орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар туралы бұйрығына өзгерістер енгізіліп жатыр 05.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-05T16:26+0500
2022-07-05T16:26+0500
2022-07-05T16:26+0500
мектеп формасы
https://sputnik.kz/img/987/04/9870416_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_c0f7f2bb46c30c82dbf9dbe827be8d53.jpg
АЛМАТЫ, 5 шілде – Sputnik. Жергілікті білім беру органдары мектеп формаларының бірыңғай түсін ұсына алады. Онлайн-брифингте мектеп формасына қойылатын талаптар туралы білім министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев айтты. Ол министрліктің орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар туралы бұйрығына өзгерістер енгізіліп жатқанын жеткізді. Олар биыл жаздың соңына дейін бекітіледі.Жомарт Қарамбаевтың айтуынша, бұйрықта облыстық білім басқармасы, сондай-ақ қалалар мен аудандардың білім бөлімдері әкімшілік аумақта мектеп формасының бірыңғай түсін ұсына алады. Алайда шенеуніктер жеке шешім қабылдай алмайды. "Бұл тек ұсыным. Түпкілікті шешімді ата-аналар қауымдастығы қабылдайды. Әр мектепте қамқоршылар кеңесі, ата-аналар комитеті бар, оған оқушылардың ата-аналары кіреді. Егер олар осындай шешім қабылдайтын болса, онда облыс аумағында бірыңғай түс болады. Егер өңірде бірыңғай келісім болмаса, онда бірыңғай түсті таңдау туралы шешім қабылданбайды", - деді Жомарт Қарамбаев. Айтуынша, екінші жыл қатарынан Нұр-Сұлтан мектептерінде формаға қатысты бірыңғай түс қолданылып келеді. Мұндай шешім ата-аналар қауымдастығымен талқылаудан кейін қабылданды. Мектеп формасы Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары мектеп формасына қандай өзгеріс енгізілуі мүмкін екенін түсіндірді. Қыздарда белдемше, жейде, кардиган, куртка, қысқы уақытта – сарафан, водолазка, трикотажды көкірекше болуы мүмкін. Ұлдарда куртка, көкірекше, көйлек пен шалбар болуы мүмкін. Олар ұзындығы тобықты жабатындай болады. Қыста – трикотажды көкірекше, водолазка. Спорттық формаға келетін болсақ, жалғыз талап – ыңғайлылық.Спикердің айтуынша, кейбір мектепте бірыңғай спорт формасын енгізу тәжірибесі бар. "Мектеп әкімшілігі де, мектеп директоры да, аймақтық білім басқармасы немесе аудандық білім бөлімі де нақты бір жеткізушіден мектеп формасын алуға мәжбүрлеуге құқылы емес. Ата-аналар кез келген жеткізушіні таңдауға ерікті", - деп түйіндеді Жомарт Қарамбаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/987/04/9870416_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_15cdd2dc82ffaff8b3ea41fc518fef8a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп формасы
Өңірлер мектеп формасының түсін өздері таңдай алады
Министрліктің орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар туралы бұйрығына өзгерістер енгізіліп жатыр
АЛМАТЫ, 5 шілде – Sputnik. Жергілікті білім беру органдары мектеп формаларының бірыңғай түсін ұсына алады. Онлайн-брифингте мектеп формасына қойылатын талаптар туралы білім министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев айтты.
Ол министрліктің орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар туралы бұйрығына өзгерістер енгізіліп жатқанын жеткізді. Олар биыл жаздың соңына дейін бекітіледі.
Жомарт Қарамбаевтың айтуынша, бұйрықта облыстық білім басқармасы, сондай-ақ қалалар мен аудандардың білім бөлімдері әкімшілік аумақта мектеп формасының бірыңғай түсін ұсына алады. Алайда шенеуніктер жеке шешім қабылдай алмайды.
"Бұл тек ұсыным. Түпкілікті шешімді ата-аналар қауымдастығы қабылдайды. Әр мектепте қамқоршылар кеңесі, ата-аналар комитеті бар, оған оқушылардың ата-аналары кіреді. Егер олар осындай шешім қабылдайтын болса, онда облыс аумағында бірыңғай түс болады. Егер өңірде бірыңғай келісім болмаса, онда бірыңғай түсті таңдау туралы шешім қабылданбайды", - деді Жомарт Қарамбаев.
Айтуынша, екінші жыл қатарынан Нұр-Сұлтан мектептерінде формаға қатысты бірыңғай түс қолданылып келеді. Мұндай шешім ата-аналар қауымдастығымен талқылаудан кейін қабылданды.
Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары мектеп формасына қандай өзгеріс енгізілуі мүмкін екенін түсіндірді. Қыздарда белдемше, жейде, кардиган, куртка, қысқы уақытта – сарафан, водолазка, трикотажды көкірекше болуы мүмкін. Ұлдарда куртка, көкірекше, көйлек пен шалбар болуы мүмкін. Олар ұзындығы тобықты жабатындай болады. Қыста – трикотажды көкірекше, водолазка. Спорттық формаға келетін болсақ, жалғыз талап – ыңғайлылық.
Спикердің айтуынша, кейбір мектепте бірыңғай спорт формасын енгізу тәжірибесі бар.
"Мектеп әкімшілігі де, мектеп директоры да, аймақтық білім басқармасы немесе аудандық білім бөлімі де нақты бір жеткізушіден мектеп формасын алуға мәжбүрлеуге құқылы емес. Ата-аналар кез келген жеткізушіні таңдауға ерікті", - деп түйіндеді Жомарт Қарамбаев.