Нұр-Сұлтанда Құрбан айт қалай аталып өтеді
16:51 05.07.2022 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023)
© Photo : служба коммуникаций Атырауской областиҚой
© Photo : служба коммуникаций Атырауской области
Жазылу
Құрбандыққа шалынған малдың еті түгелдей әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға үлестіріледі
АЛМАТЫ, 5 шілде – Sputnik. Биыл 9-11 шілде аралығында Құрбан айт мейрамы болады. Қасиетті мерекенің алғашқы күні таңертеңнен бастап елорда мешіттерінде "Айт намазы" оқылады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов айтты, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
9 шілдеде қала мешіттерінде "Айт намазы" оқылады. Нұр-Сұлтанда бекітілген мал сою орындарында сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін құрбандық шалынады. Сондай-ақ, құрбандықты QURBAN2022.kz Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сайты арқылы онлайн түрде шалуға болады.
Мал сою үшін арнайы орындар белгіленді.
Байқоңыр ауданы бойынша:
1. "Жайлау" базары, Алаш тас жолы, С 313 көшесі ("Шарын" базарының арт жағы);
2. "Шанхай" базары, Алаш тасжолы, 34/6 ("Көк базар" базарының арт жағы);
3. "Шопан ата" базары, ("Рубиком" және Әмір базарының ортасы);
4. "Баракат" базары, А 369 көшесі, 10 ғимарат;
5. "Шәушен" шаруа қожалығы, Алаш тасжолы, 136 Б;
6. "Темеш" шаруа қожалығы, Айналма жол, 229, 1а.
Сарыарқа ауданы бойынша:
1. "Ұлжан" әмбебап базары, Н. Тілендиев көшесі, 24 (бұрынғы "Саянұр" базары).
Айта кетері, құрбандыққа сойылған малдың еті түгелдей әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға үлестіріледі.
Құрбан айт мерекесі күндері халыққа құрбандық шалу және тағы басқа да діни мәселелер бойынша ақпарат алу үшін тәулік бойы "109" сall орталығы жұмыс істейді.