Атырау университетіне қатысты монополияға қарсы тергеу басталды

© Photo : StockSnapСтудент, архивтегі фото
Студент, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Атырау университетінде монополиялық жоғары баға белгіленуіне байланысты монополияға қарсы тергеу басталды, деп хабарлады Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.
Агенттіктің Атырау облысындағы департаменті Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті өңір нарығында 70% -тен астам үлеспен үстемдікке ие екендігін анықтады.
"Бұл оқу орнында "Стандарттау, метрология және сертификаттау", "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету", "Ақпараттық жүйелер" және басқа да бірқатар мамандық бойынша оқу құны Атырау инженерлік-гуманитарлық институты, Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетіндегі ұқсас мамандықтарға қарағанда 35-60%-ке жоғары екені анықталды", - делінген хабарламада.
Өңірлік монополияға қарсы департамент монополиялық жоғары баға белгілегені үшін Атырау университетіне қатысты 2022 жылдың 10 маусымында тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.
Жаңалықтар
0