Атырауда перзентхананың шатырын жел ұшырып әкетті

© Photo : Комитет по ЧС МВДАтырау облысындағы дауылдың салдары
Атырау облысындағы дауылдың салдары - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Атырауда қатты желдің салдарынан облыстық перинаталдық орталықтың шатыры ұшып кетті, деп хабарлады өңірлік ATPress.kz басылымы.
Жел перзентхананың бес қабатты "Б" корпусының 500 шаршы метрін ұшырып кеткен.
Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Шатырдың бір бөлігі перзентхананың екі қызметкерінің көлігіне құлаған. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Ведомствоның хабарлауынша, биыл Атырау облыстық перинаталдық орталығы күрделі жөндеуден өтеді. Қазіргі уақытта бастапқы жұмыстар жоспарланып отыр.
Жаңалықтар
0