Астаналық стадион төңірегіндегі шу: ТЖД басқарма басшысына қатысты тергеу басталды

© Sputnik / Рамиль СитдиковҚұжаттар
Құжаттар - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2022
Жазылу
Бұған дейін Нұр-Сұлтандағы орталық стадион бұзылып, қайта салынатыны хабарланған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде - Sputnik. Елордалық стадионды "апаттық жағдайда" деп тану үшін пара алған басшыға қатысты тергеу басталды.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол "Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионды" апаттық жағдайда деп тану үшін ЖШС директорынан 5 миллион теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді", - делінген ведомство хабарламасында.
Тергеу жалғасып жатыр.
Бұған дейін Нұр-Сұлтандағы орталық стадион бұзылып, қайта салынатыны хабарланған болатын.
Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтайтын қорытынды шешімді сот қабылдайды, деп толықтырды Антикор.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Махамбет Абжан - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2022
Қоғам
Нұр-Сұлтанда журналист Махамбет Абжан ұсталды
Жаңалықтар
0