https://sputnik.kz/20220705/alakol-demalys-bazasy-ort-25942645.html
Алакөлде төрт демалыс базасы өртеніп кетті
Алакөлде төрт демалыс базасы өртеніп кетті
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Абай облысындағы Алакөл көлінің жағасында ірі өрт шықты. 05.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-05T08:26+0500
2022-07-05T08:26+0500
2022-07-05T08:26+0500
алакөл
өрт
https://sputnik.kz/img/07e6/06/14/25655192_3:0:3644:2048_1920x0_80_0_0_1e5dcd7bd79dd9f56849137b27cc576f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Абай облысындағы Алакөл көлінің жағасында ірі өрт шықты.Өрт салдарынан 4 демалыс орны зиян шекті, 7 адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлады облыстың төтенше жағдайлар департаменті.Өрт сөндірушілердің, жергілікті атқарушы органдардың, полиция қызметкерлері мен тұрғындардың бірлескен жұмысының арқасында өрт 5 шілде күні таңға қарай сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша жалын 3000 шаршы метр аумақты шарпыған.Тілсіз жаумен күресуге жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті, Тарбағатай ұлттық паркі және Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінен 186 адам мен 29 техника жұмылдырылды.Өрт сөндіру жұмыстарын жылдамдығы 10 м/с-қа дейін жеткен жел қиындатты. Өрт бір ағаш үйден екіншісіне жылдап өтіп отырған.Өрттің шығу себебі анықталуда.Оқиға орнында жедел штаб ұйымдастырылып, жұмыс істеп жатыр.
алакөл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/14/25655192_868:0:3599:2048_1920x0_80_0_0_1e87105266fda985b16fe6865acac885.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алакөл, өрт
НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Абай облысындағы Алакөл көлінің жағасында ірі өрт шықты.
Өрт салдарынан 4 демалыс орны зиян шекті, 7 адам медициналық көмекке жүгінді, деп
хабарлады облыстың төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт сөндірушілердің, жергілікті атқарушы органдардың, полиция қызметкерлері мен тұрғындардың бірлескен жұмысының арқасында өрт 5 шілде күні таңға қарай сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша жалын 3000 шаршы метр аумақты шарпыған.
Тілсіз жаумен күресуге жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті, Тарбағатай ұлттық паркі және Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінен 186 адам мен 29 техника жұмылдырылды.
Өрт сөндіру жұмыстарын жылдамдығы 10 м/с-қа дейін жеткен жел қиындатты. Өрт бір ағаш үйден екіншісіне жылдап өтіп отырған.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Оқиға орнында жедел штаб ұйымдастырылып, жұмыс істеп жатыр.