Қоғам

Тұңғыш президенттің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының атауы өзгереді

© Sputnik / Владислав ВодневАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Қазақстанда мәдениет саласындағы ҚР тұңғыш президенті - Елбасының мемлекеттік стипендиясының атауын өзгерту жоспарланып отыр.
Президент жарлығының тиісті жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
Мемлекеттік стипендияның атауынан тұңғыш президент – Елбасы деген сөз алынып тасталады. Оны жай ғана мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия деп атау көзделген.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы" атауы "мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия" деп өзгертілуде", - делінген түсіндірме жазбада.
Мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендия айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады. Қазақстанда биыл 1 АЕК 3 063 теңгені құрайды.
Құжат 15 шілдеге дейін қоғам талқысына шығарылды.
Еске салсақ, 5 маусымда Қазақстанда конституциялық түзетулер бойынша бүкілхалықтық референдум өткен болатын. Еліміздің негізгі заңынан "Тұңғыш президент туралы" заңды жою арқылы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі туралы ережелер алынып тасталады.
Сондай-ақ қабылданған түзетулерге сәйкес Конституцияның 42-бабынан тұңғыш президентке мемлекет басшысы лауазымына қатарынан екі реттен артық сайлану құқығын беретін ереже алынып тасталады. Ал 46-баптан тұңғыш президенттің мәртебесі мен өкілеттігі Конституциямен және тиісті Конституциялық заңмен айқындалатыны туралы тармақ алынып тасталады.
Өз кезегінде 91-баптан тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретінде тұңғыш президент туралы тұжырымды және оның Елбасы (ұлт көшбасшысы) мәртебесі алынады.
Жаңалықтар
0