Қоғам

Тоқаевқа заңсыз берілген жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстары туралы баяндалды

© Pixabay / KanenoriАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2022
Жазылу
Депутаттар жергілікті жерлердегі ахуалмен танысу үшін өңірлерге аттанған
НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Спикер президентке ауыл шаруашылығы мақсатындағы заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Президентке мәжілістің VII шақырылымының екінші сессиясында атқарылған заң шығару жұмыстары туралы мәлімет берілді. Қошанов қабылданған бірқатар заң мемлекет басшысы ұсынған реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.
Айтуынша, қазіргі уақытта депутаттар халықпен кездесулер өткізіп, жергілікті жерлердегі ахуалмен танысу үшін өңірлерге аттанған. Олар азаматтардың көтерген маңызды деген проблемаларын зерттеп, жүйелейді. Содан кейін үкіметпен бірлесіп бұл мәселелерді шешеді.
Мәжіліс төрағасы президентке парламенттің төменгі палатасы жұмысының жаңа форматы, соның ішінде Қоғамдық палата құру жөнінде айтты.
Бұдан бөлек Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа "АMANAT" партиясының қоғамдағы әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстары туралы баяндады. "Жер аманаты" жобасы аясында пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылығы мақсатындағы заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Партия үкіметпен бірлесіп, "Ауыл аманаты" жобасын жүзеге асыруда. Ауыл тұрғындары бөлшек сауда желісінің талаптары мен тұтынушылардың сұранысын ескере отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі жаңа құзыреттерді үйренеді. Осы ретте тұрғындар саны 7,7 миллион адам болатын 2400 ауылдық округті қамту жоспарланып отыр.
Жаңалықтар
0