https://sputnik.kz/20220704/toqaev-ozbekstan-prezidentimen-soylesti-25925544.html
Тоқаев Өзбекстан президентімен сөйлесті
Тоқаев Өзбекстан президентімен сөйлесті
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда. 04.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-04T12:44+0500
2022-07-04T12:44+0500
2022-07-04T12:44+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
өзбекстан
https://sputnik.kz/img/07e6/07/04/25925397_0:3:750:425_1920x0_80_0_0_604fe5087e6d5bcb8501551265e6ddbe.png
НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.Екі ел басшылары екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.Қазақстан президенті Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстандағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шешімі уақытылы қабылданғанын атап өтті.Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумды сәтті өткізуіне тілектестік білдіріп, бұл оқиға бауырлас Өзбекстанды жаңғыртуға бағытталған ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін маңызды қадам болатынын атап өтті.Сонымен қатар олар Қырғызстанда өтетін Орталық Азия мемлекеттері көшбасшыларының алдағы консультативтік кездесуінің күн тәртібін талқылады.Еске салсақ, Қарақалпақстан астанасы Нүкісте 1 шілде күні жаппай митинг өтті. Артынша ол тәртіпсіздіктерге ұласты. Халықтың наразылығына Конституцияға енгізілетін түзетулер себеп болған.Жаңа редакцияға сәйкес, Конституциядан Қарақалпақстан Өзбекстан Республикасы құрамына кіретін егеменді республика және ол Қарақалпақстан халқының референдумы негізінде Өзбекстан құрамынан шыға алады деген бапты алып тастау көзделген.Жұрттың наразылығынан кейін 2 шілде кешке Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Нүкіске барып, жергілікті парламенттің депутаттарымен кездесті. Президент Қарақалпақстан Республикасының құқықтық мәртебесін өзгеріссіз қалдыру қажет деп санайды.3 шілде күні Қарақалпақстанда төтенше жағдай енгізілді. Режим 2 тамызға дейін жалғасады. Ел билігінің мәліметінше, қазір аймақта жағдай тұрақты. Қарақалпақстан – Өзбекстан құрамындағы автономды республика. Ол елдің шығыс бөлігінде орналасқан және аумақтың 40%-ін алады. Республикада екі ресми тіл – өзбек және қарақалпақ.
https://sputnik.kz/20220703/qazaqstannyn-ministrligi-qaraqalpaqstan-25912560.html
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/04/25925397_91:0:659:426_1920x0_80_0_0_2b9dcbbceed89548d6463813a34f0463.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, өзбекстан
қасым-жомарт тоқаев, өзбекстан
НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды
Ақорда. Екі ел басшылары екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.
Қазақстан президенті Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстандағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шешімі уақытылы қабылданғанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумды сәтті өткізуіне тілектестік білдіріп, бұл оқиға бауырлас Өзбекстанды жаңғыртуға бағытталған ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін маңызды қадам болатынын атап өтті.
Сонымен қатар олар Қырғызстанда өтетін Орталық Азия мемлекеттері көшбасшыларының алдағы консультативтік кездесуінің күн тәртібін талқылады.
Еске салсақ, Қарақалпақстан астанасы Нүкісте 1 шілде күні жаппай митинг өтті. Артынша ол тәртіпсіздіктерге ұласты. Халықтың наразылығына Конституцияға енгізілетін түзетулер себеп болған.
Жаңа редакцияға сәйкес, Конституциядан Қарақалпақстан Өзбекстан Республикасы құрамына кіретін егеменді республика және ол Қарақалпақстан халқының референдумы негізінде Өзбекстан құрамынан шыға алады деген бапты алып тастау көзделген.
Жұрттың наразылығынан кейін 2 шілде кешке Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Нүкіске барып, жергілікті парламенттің депутаттарымен кездесті. Президент Қарақалпақстан Республикасының құқықтық мәртебесін өзгеріссіз қалдыру қажет деп санайды.
3 шілде күні Қарақалпақстанда төтенше жағдай енгізілді. Режим 2 тамызға дейін жалғасады. Ел билігінің мәліметінше, қазір аймақта жағдай тұрақты.
Қарақалпақстан – Өзбекстан құрамындағы автономды республика. Ол елдің шығыс бөлігінде орналасқан және аумақтың 40%-ін алады. Республикада екі ресми тіл – өзбек және қарақалпақ.