Саясат

Тоқаев Еуропалық кеңестің президентіне: Қазақстан "аралық нарық" рөлін атқара алады

© Официальный сайт Президента КазахстанаТоқаев Еуропа одағының президентімен телефон арқылы сөйлесті
Тоқаев Еуропа одағының президентімен телефон арқылы сөйлесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2022
Жазылу
Қазақстанның Еуропа одағымен кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойған бірінші ел
НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Қазақстан президенті былтыр қараша айында өткен Брюссельдегі жеке кездесудің және қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңызды екенін айтты. Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропа одағымен кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойған бірінші ел екенін атап өтті. Бұл қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтерді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі саналатын Еуропа одағымен орнықты байланысты дамытуға бейілді екеніне назар аударды. Әңгіме барысында өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланды. Олар азық-түлік дағдарысының күрделене түскеніне алаңдаушылық білдірді. Мемлекет басшысы халықаралық ахуалды жақсарту, ең өзекті деген мәселелер бойынша сенімді диалог орнату үшін күш біріктірудің маңызды екеніне тоқталды.

"Қазақстан Шығыс пен Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік арасында "аралық нарық" рөлін атқара отырып, бұл іске өз үлесін қоса алар еді", - деді мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа одағын балама трансқұрлықтық дәліздерді, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту ісінде ынтымақтастық орнатуға шақырды. Президент әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікке төнетін қатерге алаңдайтынын жеткізді.
Оның айтуынша, Қазақстан әлем және Еуропа нарығындағы ахуалды тұрақтандыру үшін өзінің көмірсутегі әлеуетін пайдалануға дайын. Мемлекет басшысы Қазақстан Ауғанстандағы тұрақтылыққа және осы елге көмек беруге қатысты халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін қолдайтынын нақтылады. Әңгіме соңында Тоқаев Шарль Мишельді Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
Жаңалықтар
0