Экономика

Қазақстан мен Ресей өнеркәсіп кооперациясы бойынша іс-қимыл жоспарына қол қояды

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан мен Ресей тулары
Қазақстан мен Ресей тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2022
Жазылу
"Иннопромға" Қазақстанның екі жүзден артық компаниясы қатысып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Ресей мен Қазақстан өнеркәсіп кооперациясы аясындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасына 6,5 миллиард доллардан астам инвестиция қарастырады, деп мәлімдеді премьер-министр Әлихан Смайылов "Иннопром-2022" көрмесінде.
"Биыл біз осы үлкен халықаралық өнеркәсіптік көрменің серіктес еліміз. Көрме аясында біз 23-ке жуық келісімге қол қоюды жоспарлап отырмыз. Олардың бірі – өнеркәсіп кооперациясы шеңберіндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы. Шамамен 6,5 миллиард доллар инвестиция жоспарланған. Біз әріптестерімізбен ынтымақтастық қарым-қатынасымызды одан әрі дамытып, кеңейткіміз келеді", – деді Смайылов Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинмен "Иннопром-2022" XII халықаралық өнеркәсіптік көрмесін аралау кезінде.
Өз кезегінде Мишустин қазақстандық әріптестеріне экспозицияға қатысқаны үшін алғысын білдірді.
"Иннопромға" Қазақстанның екі жүзден артық компаниясы қатысуда. Біз қазір бірқатар инновациялық өндірістерді қарап шықтық. Менің ойымша, бұл тұрғыда осы көрмеден кейін мұндай серіктестік жаңа серпін алады. Біз бірлескен кооперациямызды, өнеркәсіптік өндірісті дамытуды жалғастырамыз, бірқатар жаңа жобалар жоспарланған. Олар туралы біз келіссөздерде егжей-тегжейлі айтамыз", - деді Ресей премьер-министрі.
Үкімет басшылары делегация мүшелерімен бірге Қазақстанның стендінде ұсынылған түрлі өнімдермен, соның ішінде автобус, автоқұрамдауыштар, фармацевтика, радиоэлектроника, электромобильдер және басқа да тауар өндірушілерімен танысты.
Жаңалықтар
0