https://sputnik.kz/20220704/qaragandy-shekara-sheteldikter-25916811.html
Қарағандыда мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдіктер ұсталды
Қарағандыда мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдіктер ұсталды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Қарағандыда мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдіктер ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz. 04.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-04T09:02+0500
2022-07-04T09:02+0500
2023-08-09T12:29+0500
шетелдік
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_7ecc72c5faf4e46c13d9f68b7c382ad4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Қарағандыда мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдіктер ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.21 маусымда Қарағанды қаласы полиция басқармасы Оңтүстік-шығыс бөлімінің учаскелік инспекторлары аумақты үйме-үй аралау жұмыстарын жүргізді. Көпқабатты үйде орналасқан пәтерлердің бірінде тұратын 27 жастағы жігіттің құжатын тексеру барысында оның Өзбекстан азаматы екені белгілі болды. Алайда ұсынылған паспорт күдік туғызған. Полицейлер бекер күдіктенбеген болып шықты.Өзбекстан азаматы Қарағандыға 2019 жылы келген. Ол Қазақстан аумағында болу шартын бұзған. Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен оған бірнеше жылға елге кіруге тыйым салынып, отанына қайтарылған.Ер адам Өзбекстанда тегін, атын, әкесінің атын толығымен өзгерткен. Жаңа паспорт алып, қайтадан Қазақстанға оралған, алайда ол Қарағанды полицейлерінен айласын асыра алмады.28 маусымда "Нелегал-2022" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қызметкерлер Тәжікстан Республикасының 25 жастағы азаматын анықтады. Шетелдіктің төлқұжатында Қазақстан шекарасынан өткені туралы белгі соғылмаған.Екі дерек бойынша да Қазақстан Қылмыстық кодексінің 392-бабы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_fcd5e5f858499da4164200942a14ce30.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шетелдік
Қарағандыда мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдіктер ұсталды
09:02 04.07.2022 (жаңартылды: 12:29 09.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Қарағандыда мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдіктер ұсталды, деп хабарлады
Polisia.kz. 21 маусымда Қарағанды қаласы полиция басқармасы Оңтүстік-шығыс бөлімінің учаскелік инспекторлары аумақты үйме-үй аралау жұмыстарын жүргізді. Көпқабатты үйде орналасқан пәтерлердің бірінде тұратын 27 жастағы жігіттің құжатын тексеру барысында оның Өзбекстан азаматы екені белгілі болды. Алайда ұсынылған паспорт күдік туғызған. Полицейлер бекер күдіктенбеген болып шықты.
Өзбекстан азаматы Қарағандыға 2019 жылы келген. Ол Қазақстан аумағында болу шартын бұзған. Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен оған бірнеше жылға елге кіруге тыйым салынып, отанына қайтарылған.
Ер адам Өзбекстанда тегін, атын, әкесінің атын толығымен өзгерткен. Жаңа паспорт алып, қайтадан Қазақстанға оралған, алайда ол Қарағанды полицейлерінен айласын асыра алмады.
28 маусымда "Нелегал-2022" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қызметкерлер Тәжікстан Республикасының 25 жастағы азаматын анықтады. Шетелдіктің төлқұжатында Қазақстан шекарасынан өткені туралы белгі соғылмаған.
Екі дерек бойынша да Қазақстан Қылмыстық кодексінің 392-бабы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.