https://sputnik.kz/20220704/mektep-avtobustary-zan-buzushylyqtar-25917603.html
Мектеп автобустарын бұрын сотталған адамдар жүргізген – Бас прокуратура
Мектеп автобустарын бұрын сотталған адамдар жүргізген – Бас прокуратура
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Бас прокуратура білім беру мекемелерінің балаларды тасымалдау қызметін ұсыну сапасы мен қауіпсіздігін талдау аясында көптеген... 04.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-04T10:29+0500
2022-07-04T10:29+0500
2022-07-04T10:29+0500
мектеп автобусы
бас прокуратура
https://sputnik.kz/img/237/46/2374668_387:753:2689:2048_1920x0_80_0_0_d88d53d1eaf8d06d887c22c43b269c4c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Бас прокуратура білім беру мекемелерінің балаларды тасымалдау қызметін ұсыну сапасы мен қауіпсіздігін талдау аясында көптеген заң бұзушылықты анықтады.Атап айтқанда, жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен, қажетті жүргізу санаты және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыруы жоқ жүргізушілердің балаларды тасымалдау фактілері тіркелді.Кейбір автобустар рейс алдындағы техникалық қарап-тексеруден, ал жүргізушілер медициналық куәландырудан өтпеген.Жалпы, автобус паркінің жай-күйі, олардың материалдық-техникалық жабдықталуы (өрт сөндіргіштердің, қауіпсіздік белдіктерінің, жарқылдауық маяктардың, "Балаларды тасымалдау" тақтайшаларының болмауы және т.б.) қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді деп танылды.Биыл 28 сәуірде Бас прокуратура білім және ғылым министрлігінің атына прокурорлық қадағалау актісін енгізді, оны қарау нәтижелері бойынша жол берілген заң бұзушылықтар үшін 93 адам (оның ішінде мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, әкімдік қызметкерлері) тәртіптік жауаптылыққа тартылды.Автопаркты жаңарту және балаларды тасымалдау үшін өңірлер мектептерін автобустармен қамтамасыз ету жұмыстары басталды. Әкімдіктер 515 жаңа автобусты, олардың бір бөлігін алдағы оқу жылына қарай сатып алуды жоспарлап отыр.Сонымен қатар оқу-ағарту министрлігі қазіргі уақытта ішкі істер министрлігімен бірлесіп тексеріс жүргізуде.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/237/46/2374668_87:0:2818:2048_1920x0_80_0_0_7b5497ccc3c245d4469186de23969ade.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп автобусы, бас прокуратура
мектеп автобусы, бас прокуратура
НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Бас прокуратура білім беру мекемелерінің балаларды тасымалдау қызметін ұсыну сапасы мен қауіпсіздігін талдау аясында көптеген заң бұзушылықты анықтады.
Атап айтқанда, жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен, қажетті жүргізу санаты және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыруы жоқ жүргізушілердің балаларды тасымалдау фактілері тіркелді.
"Кей өңірлерде оқушыларды тасымалдауға бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылған және балалармен жұмыс істеуге құқығы жоқ адамдар жіберілген", - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.
Кейбір автобустар рейс алдындағы техникалық қарап-тексеруден, ал жүргізушілер медициналық куәландырудан өтпеген.
Жалпы, автобус паркінің жай-күйі, олардың материалдық-техникалық жабдықталуы (өрт сөндіргіштердің, қауіпсіздік белдіктерінің, жарқылдауық маяктардың, "Балаларды тасымалдау" тақтайшаларының болмауы және т.б.) қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді деп танылды.
Биыл 28 сәуірде Бас прокуратура білім және ғылым министрлігінің атына прокурорлық қадағалау актісін енгізді, оны қарау нәтижелері бойынша жол берілген заң бұзушылықтар үшін 93 адам (оның ішінде мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, әкімдік қызметкерлері) тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Автопаркты жаңарту және балаларды тасымалдау үшін өңірлер мектептерін автобустармен қамтамасыз ету жұмыстары басталды. Әкімдіктер 515 жаңа автобусты, олардың бір бөлігін алдағы оқу жылына қарай сатып алуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар оқу-ағарту министрлігі қазіргі уақытта ішкі істер министрлігімен бірлесіп тексеріс жүргізуде.