https://sputnik.kz/20220704/donbass-reseydin-ekonomikasyn-keri-tartpaydy-25947113.html
Донбасс Ресейдің экономикасын кері тартпайды
Донбасс Ресейдің экономикасын кері тартпайды
Sputnik Қазақстан
Батыс елдерінің көшбасшылары ресейлік мұнай бағасының ең жоғарғы деңгейге жетуіне тікелей ықпал етіп жатқанда, шетелдік сарапшылар мен биржалар табиғи газдың... 04.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-04T16:47+0500
2022-07-04T16:47+0500
2022-07-05T11:47+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
https://sputnik.kz/img/07e6/07/05/25949672_0:0:2635:1483_1920x0_80_0_0_3518211b46fdc7970b11409154868ba8.jpg
Батыс елдерінің көшбасшылары ресейлік мұнай бағасының ең жоғарғы деңгейге жетуіне тікелей ықпал етіп жатқанда, шетелдік сарапшылар мен биржалар табиғи газдың құны мен Еуропаның жылыту маусымына қатысты болжамдар жасап жатқанда, Ресей мен оның аймағында әлдеқайда қызықты оқиғалар болып жатыр, деп жазды РИА Новости тілшісі.Күні кеше Ресейдегі энергетика компаниялары мен Белгород облысының үкіметі Харьков облысының азат етілген аудандарына бейінді жүк, яғни бағаналар, электр тасымалдау желілерінің сымдары, оқшаулау құрылғылары, қысқыштар, жоғары вольтті сымдар, түрлі энергия жабдықтары, автобөлшектер тиелген 167 тонна бейіндік жүк пен 25 тонна трансформатор майын жөнелтті. Энергетиктер жүктің басым бөлігі, әсіресе, трансформатор майы Изюм мен Балаклеяға жеткізіліп, жергілікті шағын станцияларды іске қосу жұмыстары үшін қолданылатынын жасырып отырған жоқ.Әскери іс-қимыл аясында жүздеген, тіпті мыңдаған коммуналдық кәсіпорын қызметкерлерінің ерен еңбегі елеусіз қалып отыр. Олар ресейлік әріптестерімен бірлесіп, әскери қақтығыс кезінде зардап шеккен қалалар мен ауылдарды электр жарығы, ауыз сумен қамтамасыз етуді қалпына келтіріп, кәріз бен тазалау құрылғыларын қайта іске қосуға күні-түні тырысып жатыр. Мысалы, маусымның басында Белгород пен Харьков облыстары арасындағы жоғары вольтті желі қалпына келтірілді. Ресейлік өңірден тартылған энергия көпірі Харьков облысының жарты миллионға жуық тұрғынын тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.Бейбіт жағдайда өмір сүріп жатқан адам үшін коммуналдық игіліктер қалыпты қажеттілік секілді қабылданатыны анық. Бірақ әскери іс-қимылдан соң ауылдар мен қалаларда қираған су жүйелері, үзілген электр сымдары мен опырыла құлаған бағаналар қалып жатыр. Апталап, кейде айлап жертөледе балауызды жарық етуге, қолға түскенді тамақ ретінде тұтынуға және әр қадамын сақтықпен басып, жақын жердегі өзеннен су әкелуге мәжбүр болған адамдар үшін жарқ етіп жанған электр шамы немесе краннан аққан судың дыбысы әлемнің түрлі байлығынан да мың есе бағалы дүние болып отыр."Ресей үкіметі бұл қарапайым әрі маңызды мәселеге ерекше көңіл аударып, азат етілген аймақтарды қалпына келтіруге бар күшін салып отырғаны қуантады. Күні кеше Мариупольде дәл қазір бой көтеріп жатқан үйлердегі пәтерлердің қандай болатыны жария етілді. Ресми жоспарға сәйкес, күзге қарай 12 жаңа бес қабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Мыңға жуық отбасыға пәтер кілті табысталады", - деп жазды мақала авторы.Луганскте де құрылыс жүріп жатыр. Қараша айына қарай мұнда 200 орынға арналған көпфункциялы медициналық орталық алғашқы науқастарды қабылдай бастайды. Пандемия кезінде әскери құрылысшылар бейіндік медициналық орталықтар салу тапсырмасын мінсіз орындағанын ескерсек, Луганск жобасына күмәнмен қарайтындар табыла қоймас. Жалпы ресейлік әскерилер тыл мен бейбіт құрылыста да майдан даласындағыдай жоғары деңгейде әрекет етеді. Инженерлік бөлімшелер Қырымда таза су іздеу, бұрғылау және беру бойынша жобаларды сәтті жүзеге асырды.Азаматтық құрылысшылар да әскери әріптестерінен қалысар емес. Вице-премьер Марат Хуснуллиннің айтуынша, қазірдің өзінде Донбаста мыңнан астам арнайы техникамен "қаруланған" 6 мыңнан астам маман жұмыс істеп жатыр. Бұл көрсеткіш өсетіні анық. Өйткені вице-премьер ұсынған мәлімет бойынша, биылдың өзінде бір ғана Донецк және Луганск облыстарының аумағында украин әскері жарып жіберген 500 километрден астам тас жол мен 15 көпір жөнделеді. Жалпы бүгінде Луганск облысындағы жол инфрақұрылымының жағдайы өзекті әрі жедел шешуді қажет ететін мәселе болып отыр. Себебі Киев 30 жыл бойы бұл қаланың тұрмыс-тіршілігіне баса назар аудармаған."Бірінші Майданнан кейін украин конституциясын бұзумен Виктор Ющенко ел президенті болып тағайындалған кезде Киев Донбасты мейлінше тоқыраулы және дотациялы өңір ретінде насихаттады. Жергілікті телеарналар мен журналистер қирап жатқан шахтер ауылдары, жабық шахталардың қаупі, тозығы жеткен тұрғын үй және коммуналдық қоры туралы үздіксіз хабарлап жатты. Осы өңірден шыққан Виктор Янукович билікте отырған шақта да бұл аймақта айтарлықтай өзгеріс болмады", - деп жазды автор.2014 жылдың жазында Киев екі облысқа қарсы соғыс ашқан кезде Украинаның сол кездегі премьер-министрі Арсений Яценюк Луганск пен Донецк республикаларының аумағында жұмыс істеп тұрған 70-тен астам көмір шахтасы мен басқа да кәсіпорын бар екенін және олар Украина бюджетіндегі барлық түсімдердің төрттен бір бөлігін қамтамасыз етіп тұрғанын мәлімдеді.Донбасс – бұл көмір екенін кішкентай балаға дейін біледі. Мұнда 60 мың шаршы километрде 140 миллиард тонна жоғары сұрыпты көмір жатыр. Бұл негізінен ұзын жалынды секілді энергетикалық марка көмірлері. Сондай-ақ антрациттер, яғни көмірлену және жылу шығару қабілеті ең жоғарғы көмірлер де бар.Бірақ Донецк пен Луганск Кузбастағы кеншілерге бәсекелес болады деу қисынсыз. Біріншіден, Кузнецк және Донецк бассейндеріндегі көмірлердің номенклатурасында, сондай-ақ өнім өндіру көлемі мен отандық тұтынушылар бойынша айырмашылық бар. Екіншіден, алдымен пандемия, сосын Батыс санкциялары залал келтірген Кузбасс бүгінде мүмкіндігінше Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына қайта бейімделеді. Сондықтан ресейлік кеншілер алдында қазір Донбасс бәсекелестігі емес, өз өнімдерін Қытай мен Кореяға тасымалдайтын вагон паркінің тапшылығы тұр.Донбасс көмірден басқа доломит, флюсті және құрылыс әктастары, отқа төзімді және иілмелі саз, мергель, құрылыс және кварц құмдарына да бай. Бірақ барлығын пайдалы қазбалармен бағалау дұрыс емес. Украина армиясы келгенге дейін Донецк облысында сегіз жылу электр станциясы, елуден астам көмір шахтасы, отызға жуық байыту фабрикасы жұмыс істеп тұрды. Мұнда тау-кен кластері орналасқан, бұл –Никитов сынап комбинаты, Докучаев флюс-доломит комбинаты, Кальчик ауылындағы сионит фабрикасы тағы басқа кәсіпорындар."Луганск және Донецк – үлкен металлургиялық орталық. Сондықтан Донбасты Ресей бюджеті мен экономикасына салмақ түсіріп, кері тартатын өңір болады дейтіндер қатты қателеседі. Донбасс – ауыртпалық емес, бұл кез келген ел армандайтын болат тірек. Мұнда тұрақты бейбітшілік орнатып, кезінде қаңырап қалған нысандарды жаңарту қажет", - деп жазды мақала авторы.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/05/25949672_0:0:2635:1977_1920x0_80_0_0_ff3074b3ad8fa1a73825a57c7b87a39a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Батыс елдерінің көшбасшылары ресейлік мұнай бағасының ең жоғарғы деңгейге жетуіне тікелей ықпал етіп жатқанда, шетелдік сарапшылар мен биржалар табиғи газдың құны мен Еуропаның жылыту маусымына қатысты болжамдар жасап жатқанда, Ресей мен оның аймағында әлдеқайда қызықты оқиғалар болып жатыр, деп жазды
РИА Новости тілшісі.
Күні кеше Ресейдегі энергетика компаниялары мен Белгород облысының үкіметі Харьков облысының азат етілген аудандарына бейінді жүк, яғни бағаналар, электр тасымалдау желілерінің сымдары, оқшаулау құрылғылары, қысқыштар, жоғары вольтті сымдар, түрлі энергия жабдықтары, автобөлшектер тиелген 167 тонна бейіндік жүк пен 25 тонна трансформатор майын жөнелтті. Энергетиктер жүктің басым бөлігі, әсіресе, трансформатор майы Изюм мен Балаклеяға жеткізіліп, жергілікті шағын станцияларды іске қосу жұмыстары үшін қолданылатынын жасырып отырған жоқ.
Әскери іс-қимыл аясында жүздеген, тіпті мыңдаған коммуналдық кәсіпорын қызметкерлерінің ерен еңбегі елеусіз қалып отыр. Олар ресейлік әріптестерімен бірлесіп, әскери қақтығыс кезінде зардап шеккен қалалар мен ауылдарды электр жарығы, ауыз сумен қамтамасыз етуді қалпына келтіріп, кәріз бен тазалау құрылғыларын қайта іске қосуға күні-түні тырысып жатыр. Мысалы, маусымның басында Белгород пен Харьков облыстары арасындағы жоғары вольтті желі қалпына келтірілді. Ресейлік өңірден тартылған энергия көпірі Харьков облысының жарты миллионға жуық тұрғынын тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Бейбіт жағдайда өмір сүріп жатқан адам үшін коммуналдық игіліктер қалыпты қажеттілік секілді қабылданатыны анық. Бірақ әскери іс-қимылдан соң ауылдар мен қалаларда қираған су жүйелері, үзілген электр сымдары мен опырыла құлаған бағаналар қалып жатыр. Апталап, кейде айлап жертөледе балауызды жарық етуге, қолға түскенді тамақ ретінде тұтынуға және әр қадамын сақтықпен басып, жақын жердегі өзеннен су әкелуге мәжбүр болған адамдар үшін жарқ етіп жанған электр шамы немесе краннан аққан судың дыбысы әлемнің түрлі байлығынан да мың есе бағалы дүние болып отыр.
"Ресей үкіметі бұл қарапайым әрі маңызды мәселеге ерекше көңіл аударып, азат етілген аймақтарды қалпына келтіруге бар күшін салып отырғаны қуантады. Күні кеше Мариупольде дәл қазір бой көтеріп жатқан үйлердегі пәтерлердің қандай болатыны жария етілді. Ресми жоспарға сәйкес, күзге қарай 12 жаңа бес қабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Мыңға жуық отбасыға пәтер кілті табысталады", - деп жазды мақала авторы.
Луганскте де құрылыс жүріп жатыр. Қараша айына қарай мұнда 200 орынға арналған көпфункциялы медициналық орталық алғашқы науқастарды қабылдай бастайды. Пандемия кезінде әскери құрылысшылар бейіндік медициналық орталықтар салу тапсырмасын мінсіз орындағанын ескерсек, Луганск жобасына күмәнмен қарайтындар табыла қоймас. Жалпы ресейлік әскерилер тыл мен бейбіт құрылыста да майдан даласындағыдай жоғары деңгейде әрекет етеді. Инженерлік бөлімшелер Қырымда таза су іздеу, бұрғылау және беру бойынша жобаларды сәтті жүзеге асырды.
Азаматтық құрылысшылар да әскери әріптестерінен қалысар емес. Вице-премьер Марат Хуснуллиннің айтуынша, қазірдің өзінде Донбаста мыңнан астам арнайы техникамен "қаруланған" 6 мыңнан астам маман жұмыс істеп жатыр. Бұл көрсеткіш өсетіні анық. Өйткені вице-премьер ұсынған мәлімет бойынша, биылдың өзінде бір ғана Донецк және Луганск облыстарының аумағында украин әскері жарып жіберген 500 километрден астам тас жол мен 15 көпір жөнделеді. Жалпы бүгінде Луганск облысындағы жол инфрақұрылымының жағдайы өзекті әрі жедел шешуді қажет ететін мәселе болып отыр. Себебі Киев 30 жыл бойы бұл қаланың тұрмыс-тіршілігіне баса назар аудармаған.
"Бірінші Майданнан кейін украин конституциясын бұзумен Виктор Ющенко ел президенті болып тағайындалған кезде Киев Донбасты мейлінше тоқыраулы және дотациялы өңір ретінде насихаттады. Жергілікті телеарналар мен журналистер қирап жатқан шахтер ауылдары, жабық шахталардың қаупі, тозығы жеткен тұрғын үй және коммуналдық қоры туралы үздіксіз хабарлап жатты. Осы өңірден шыққан Виктор Янукович билікте отырған шақта да бұл аймақта айтарлықтай өзгеріс болмады", - деп жазды автор.
2014 жылдың жазында Киев екі облысқа қарсы соғыс ашқан кезде Украинаның сол кездегі премьер-министрі Арсений Яценюк Луганск пен Донецк республикаларының аумағында жұмыс істеп тұрған 70-тен астам көмір шахтасы мен басқа да кәсіпорын бар екенін және олар Украина бюджетіндегі барлық түсімдердің төрттен бір бөлігін қамтамасыз етіп тұрғанын мәлімдеді.
Донбасс – бұл көмір екенін кішкентай балаға дейін біледі. Мұнда 60 мың шаршы километрде 140 миллиард тонна жоғары сұрыпты көмір жатыр. Бұл негізінен ұзын жалынды секілді энергетикалық марка көмірлері. Сондай-ақ антрациттер, яғни көмірлену және жылу шығару қабілеті ең жоғарғы көмірлер де бар.
Бірақ Донецк пен Луганск Кузбастағы кеншілерге бәсекелес болады деу қисынсыз. Біріншіден, Кузнецк және Донецк бассейндеріндегі көмірлердің номенклатурасында, сондай-ақ өнім өндіру көлемі мен отандық тұтынушылар бойынша айырмашылық бар. Екіншіден, алдымен пандемия, сосын Батыс санкциялары залал келтірген Кузбасс бүгінде мүмкіндігінше Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына қайта бейімделеді. Сондықтан ресейлік кеншілер алдында қазір Донбасс бәсекелестігі емес, өз өнімдерін Қытай мен Кореяға тасымалдайтын вагон паркінің тапшылығы тұр.
Донбасс көмірден басқа доломит, флюсті және құрылыс әктастары, отқа төзімді және иілмелі саз, мергель, құрылыс және кварц құмдарына да бай. Бірақ барлығын пайдалы қазбалармен бағалау дұрыс емес. Украина армиясы келгенге дейін Донецк облысында сегіз жылу электр станциясы, елуден астам көмір шахтасы, отызға жуық байыту фабрикасы жұмыс істеп тұрды. Мұнда тау-кен кластері орналасқан, бұл –Никитов сынап комбинаты, Докучаев флюс-доломит комбинаты, Кальчик ауылындағы сионит фабрикасы тағы басқа кәсіпорындар.
"Луганск және Донецк – үлкен металлургиялық орталық. Сондықтан Донбасты Ресей бюджеті мен экономикасына салмақ түсіріп, кері тартатын өңір болады дейтіндер қатты қателеседі. Донбасс – ауыртпалық емес, бұл кез келген ел армандайтын болат тірек. Мұнда тұрақты бейбітшілік орнатып, кезінде қаңырап қалған нысандарды жаңарту қажет", - деп жазды мақала авторы.