https://sputnik.kz/20220704/capital-bank-kazakhstan-salymshylar-25922477.html
Capital Bank Kazakhstan салымшыларына 1,6 млрд теңге төленді
Capital Bank Kazakhstan салымшыларына 1,6 млрд теңге төленді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) жойылған "Capital Bank Kazakhstan" АҚ салымшыларына 1,6 миллиард теңге... 04.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-04T11:36+0500
2022-07-04T11:36+0500
2022-07-04T11:37+0500
салымшы
өтемақы
https://sputnik.kz/img/1002/89/10028990_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_c064180a1dc7f454c3eee5b1a7969cab.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) жойылған "Capital Bank Kazakhstan" АҚ салымшыларына 1,6 миллиард теңге төледі, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.4 шілдеде салымшыларға кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі аяқталды.Бір жыл мерзімде банктің салымшыларына шамамен 1,6 миллиард теңге төленді, бұл банк бойынша кепілдіктің жалпы сомасының 92%-нен асады.Төлемдердің максималды сомасы – 15 миллион теңге, минималды сомасы – 10 теңге. Кепілдік берілген өтем "Еуразиялық банк" АҚ агент-банкінің бөлімшелерінде, сондай-ақ онлайн берілген өтініштер бойынша ҚДКБҚ-да төленді.Салымшылар талап етпеген сома БЖЗҚ-ға 3 аударылады.Ақша осы жылдың 2 тамызына дейін (қоса алғанда) аударылады, бұл туралы ҚДКБҚ және БЖЗҚ қосымша хабарлайды.Заңға сәйкес, төлем мерзімі аяқталғаннан кейін кепілдік берілген депозиттерді әскери қызметте, Қазақстаннан тыс жерде бас бостандығынан айыру орындарында болған, мұра қабылдаған немесе сот белгілеген өзге де себептер болған салымшылар ала алады.Бүгінгі күні ҚДКБҚ Қазақстанда таратылған барлық тоғыз банктің салымшыларына төлем жасауды аяқтады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1002/89/10028990_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_16118bd54a28daf7409df8af9e58f5bb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салымшы, өтемақы
НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) жойылған "Capital Bank Kazakhstan" АҚ салымшыларына 1,6 миллиард теңге төледі, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
4 шілдеде салымшыларға кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі аяқталды.
Бір жыл мерзімде банктің салымшыларына шамамен 1,6 миллиард теңге төленді, бұл банк бойынша кепілдіктің жалпы сомасының 92%-нен асады.
Төлемдердің максималды сомасы – 15 миллион теңге, минималды сомасы – 10 теңге. Кепілдік берілген өтем "Еуразиялық банк" АҚ агент-банкінің бөлімшелерінде, сондай-ақ онлайн берілген өтініштер бойынша ҚДКБҚ-да төленді.
Салымшылар талап етпеген сома БЖЗҚ-ға 3 аударылады.
Ақша осы жылдың 2 тамызына дейін (қоса алғанда) аударылады, бұл туралы ҚДКБҚ және БЖЗҚ қосымша хабарлайды.
"Төлем мерзімі аяқталғаннан кейін талап етілмеген сома БЖЗҚ аударылған жағдайда да, азаматтар өтем алуға құқылы болады. Бұл мүмкіндікті белгілі бір себептермен уақытында өтініш бере алмаған салымшылар ғана пайдалана алады. Ол үшін салымшы ҚДКБҚ-ға дәлелді себеп бар екенін растайтын құжаттарды тапсыру арқылы жазбаша өтініш беруі қажет", - деп түсіндірді ҚДКБҚ төрағасы Әділ Өтембаев.
Заңға сәйкес, төлем мерзімі аяқталғаннан кейін кепілдік берілген депозиттерді әскери қызметте, Қазақстаннан тыс жерде бас бостандығынан айыру орындарында болған, мұра қабылдаған немесе сот белгілеген өзге де себептер болған салымшылар ала алады.
Бүгінгі күні ҚДКБҚ Қазақстанда таратылған барлық тоғыз банктің салымшыларына төлем жасауды аяқтады.