Өңірлер

Алматыда сауда орталығына "мина қойылды"

© Sputnik / Жоомарт УраимовАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Полиция департаментіне 4 шілде сағат 10.04-те Алматыдағы сауда үйлерінің біріне жарылғыш қойылғаны туралы хабар түсті.
Полиция сауда орталығына келгендер мен қызметкерлерді шұғыл эвакуациялап, ғимаратқа іргелес аумақ пен жолды қоршап тастады, деп хабарлайды Алматы полиция департаменті.
ПД жедел басқару орталығынан мәлімдегендей, тексеріс аяқталды, мина туралы ақпарат жалған болып шықты.
Алматы полициясы азаматтарды дүрлікпеуге, тыныштық сақтап, қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырды.
Бұған дейін желіде "Moskva metropolitan" сауда ойын-сауық орталығынан адамдарды эвакуациялау жұмысы жүріп жатқаны туралы ақпарат тарады.
Өткен айда дәл осы сауда орталығынан адамдар екі рет эвакуацияланған болатын. Ол уақытта да құқық қорғау органдары ғимаратты тексеріп, ешқандай бомба таппаған еді.
Эскалатор, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2022
Алматыда сауда орталығына "мина қойылды"
Жаңалықтар
0