Әлем

Қарақалпақстанда төтенше жағдай енгізілді

© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтуӨзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2022
Жазылу
Төтенше жағдай режимі 2 тамызға дейін жалғасады
НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Қарақалпақстанда төтенше жағдай енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.
"Президент жарлығымен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен бостандығын қорғау, Қарақалпақстан Республикасының аумағында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру мақсатында 3 шілде 00.00-ден 2 тамыз 00.00-ге дейін төтенше жағдай режимі енгізілді", - деп мәлімдеді мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов.
Төтенше жағдай туралы конституциялық заңның 23-бабына сәйкес, Қарақалпақстанға кіретін және шығатын жолда төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Өзбекстан қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдары тартылады.
Еске салсақ, Қарақалпақстан астанасы Нүкісте 1 шілде күні митинг өтті. Халықтың наразылығына Конституцияға енгізілетін түзетулер себеп болған.
Жаңа редакцияға сәйкес, Конституциядан Қарақалпақстан Өзбекстан Республикасы құрамына кіретін егеменді республика және ол Қарақалпақстан халқының референдумы негізінде Өзбекстан құрамынан шыға алады деген бапты алып тастау көзделген.
Жұрттың наразылығынан кейін 2 шілде күні кешке Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев жергілікті парламенттің депутаттарымен кездесті. Президент Қарақалпақстан Республикасының құқықтық мәртебесін өзгеріссіз қалдыру қажет деп санайды.
Қарақалпақстан – Өзбекстан құрамындағы автономды республика. Ол елдің шығыс бөлігінде орналасқан және аумақтың 40%-ін алады. Республикада екі ресми тіл – өзбек және қарақалпақ.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2022
Әлем
Қарақалпақстанда митинг өтті – видео
Жаңалықтар
0