Министр белгілі журналистің оқиғасына қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Владислав ВодневАқпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2022
Жазылу
Полиция бастықтарының бірінің ұлының үйлену тойында жасалған видеодан кейін Алматыда қызметтік тексеру басталған болатын
АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров журналист Михаил Козачковтың оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. Ол жағдайдың бақылауда екенін жеткізді.
"Журналист Михаил Козачковқа қатысты болған оқиғаға ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұстанысын түсіндіргім келеді. Біз жағдайды бақылап отырмыз. Еске салсақ, Конституцияның 20-бабында сөз бостандығына рұқсат берілген. Кез келген адам ақпаратты рұқсат етілген заңды тәсілдермен алуға және таратуға құқылы", - деп жазды министр.
Министрдің айтуынша, ведомство тергеу барысын қадағалайды.
"Әрине, министрлік БАҚ өкіліне, сондай-ақ оның мүлкіне қатысты мұндай заңсыз әрекеттерге ешқандай себеп жоқ екеніне сенімді. Құқық қорғау органдары мұндай әрекеттерге тез арада құқықтық баға береді деп сенемін. Министрлік өз тарапынан журналиске қатысты құқық пен бостандықтың шектелуін болдырмау және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында тергеу барысын қадағалайтын болады", - деп түсіндірді Омаров.
Бұған дейін Михаил Козачков өзінің желідегі парақшасында оқиғаның мән-жайын бөліскен еді. Айтуынша, белгісіз адамдар оның аулада тұрған көлігіне зақым келтірген.
"Белгісіз біреулер көлігімнің сыртын бүлдіріп, есіктеріне қорлау сөздерін жазып кетті. Енді көлікті бояуға тура келеді. Көлік тұраққа арналған орында, басқа көліктердің жанында тұрды. Бірақ басқа көліктерге зақым келмеген. Сол себепті біреу менен осылайша кек алды деп ойлаймын. Мен бұны өзімнің кәсіби қызметіммен байланыстырамын. Нақтыласам, жоғары лауазымды полиция қызметкері ұлының тойына қатысты видеожазбаның жариялануымен байланысты деп санаймын", - деп жазды журналист.
Еске салсақ, 1 шілдеде журналист Михаил Козачковтың айтуынша, полиция бастықтарының бірінің ұлының үйлену тойында жасалған видеодан кейін Алматыда қызметтік тексеру басталған болатын.
Жаңалықтар
0