https://sputnik.kz/20220703/maman-bolzham-qazaqstandyqtar-shilde-25912753.html
Маман болжам жасады: қазақстандықтарды шілде айында не күтіп тұр
Маман болжам жасады: қазақстандықтарды шілде айында не күтіп тұр
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова шілде айына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 03.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-03T16:38+0500
2022-07-03T16:38+0500
2022-07-03T16:38+0500
қоғам
болжам
шілде
https://sputnik.kz/img/07e6/05/02/24590464_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_ea3ccc07455b5d43e615a2f65a547dbe.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова шілде айына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Билік тарапынан қысым күшейедіЖұлдызнамашының болжамынша, шілде айының басында әлем елдерінің мемлекет басшылары, саясаткерлер қате шешім қабылдап, сәтсіздікке ұшырайды. Бұл кезеңде басталған келіссөздер ойдағыдай аяқталмайды."Плутон энергиясының ықпалы күшейеді – шамадан тыс белсенділік агрессивтілікке, озбырлыққа ұласуы мүмкін. Мұның соңы жақсылыққа апармайды. Айдың бірінші онкүндігі бұрмаланған ақпарат көбейеді. Екінші онкүндік пен айдың соңы аралығында билік тарапынан қысым күшейеді, саясаткерлер ашық жанжалдарға белсене қатыса бастайды. Ортақ мәмілеге келу, уағдаласу қиынға түседі, тіпті мүмкін болмайды", - дейді Әбдірайымова.Артынша, қысым бәсеңдейді, тыныштық орнағандай күй сезіледі. Бірақ бұл ұзаққа созылмайды. Айдың соңына қарай жағдай қайтадан ушығады. Шілденің аяғында табиғи апаттар болуы мүмкін.Астролог айдың соңынан бастап бүкіл посткеңестік кеңістік айтарлықтай күрделі энергияның ықпалына түсетінін ескертті.Ай күндеріне болжам1, 3 шілде күні жүргізушілер абай болғаны жөн, өйткені жол апаты жиілейді.5 мен 19 шілде аралығында адамдар жаңалықтар мен өзгелердің пікірін өз көңіл-күйіне қарай қабылдайды. Сенімсіздік, тез ренжу, өкпелеу сияқты сезімдерді бастан кешіреді. Бұл кезеңде басталған істер баяулап, қосымша шығын қажет етуі мүмкін.7, 8, 9 шілде– алаяқтарға алданып қалу ықтималдығы жоғары. Жаңа адамдармен танысқанда сақ болған абзал.10, 11 шілде – адамдар аяқ асты қабылдаған шешімдерінің дұрыс екеніне көз жеткізеді, дау-дамайдан құтылудың жолын табады.12, 13, 14 шілде – эмоционалды кезең. Әркім өзінікін дәлелдеуге тырысады, тұрмыстық жанжал, тұрмыстық зорлық-зомбылық та болуы мүмкін. Әбігерге түспей, сурет салу немесе йога арқылы жан тыныштығын табуға тырысыңыз. Сондай-ақ бұл уақытта халық өз наразылығын білдіріп, ал билік керісінше оларды басуы мүмкін. Толқу, митингтер өтетін кезең.15, 16 шілде – ақыл-ой белсенділігі артады. Адамдар бұл кезеңде жиі ренжиді, сынды жүрегіне жақын қабылдайды. Сол себепті ауыздан шыққан сөзге абай болған жөн. Әйтпесе келіспеушілік пен ұрыс-керіске тап боласыз. Астролог осы күндері ақыл мен логикаға емес, ішкі түйсікке көбірек сүйенуге кеңес берді.17 шілдеге қарай кішігірім келіспеушіліктің арты үлкен жанжалға ұласуы мүмкін. Өйткені айдың екінші жартысынан бастап жанжал, текетірес жиілейді. Сондықтан адам көп жиналатын орындардан аулақ жүріңіз. Қоғамдық орындарда тәртіпсіздік, жарылыс болуы мүмкін.18, 19 шілде – өз райыңыздан қайтып, өзгелердің пікірін қаперге алыңыз. Есесіне 20, 21 шілде күндері олар сіздің сөзіңізге құлақ асады.22, 23 шілде – ақыл-ой жұмысы, пәлсапалық ойлар, келісімшарт бекіту және сапар шегу үшін жақсы кезең.26-31 шілде – жолда сақтық шараларын естен шығармаңыз, өндірістік жарақат алу қауіп-қатері артады. Өткір, кескіш, шаншитын заттар, қару мен от қауіп төндіреді. Өрт шығуы мүмкін, хирургиялық операциялар үшін қолайсыз кезең, әсіресе 25, 26 шілде.28, 29 шілде – қызбалық, күйгелектік, мазасыздық. Асығыс шешім қабылдамаңыз. Бұл күндері көп ашуланғаннан бас ауырады. Келіссөздер мен маңызды құжаттарға қол қою үшін сәтсіз кезең. Айдың соңғы күндері мен тамыздың басында отпен және электр энергиясымен абай болған жөн. Сондай-ақ осы аралықта митингтер, демонстрациялар, наразылық шеруі болжанып отыр.26 мен 29 шілде – романтикалық кездесулер үшін сәтсіз уақыт, кездейсоқ таныстықтан абай болыңыз, әсіресе ерлер қауымына қатысты. Жұлдызнамашы әйелдерге бұл күндері көп ақша жұмсамауға кеңес берді. Өйткені сатып алған затыңыз көңіліңізден шықпауы мүмкін. Ерекше мүмкіндіктерге ие және талантты адамдар үшін қолайлы кезең. Ақыл-ой жұмысымен, шығармашылықпен айналысуға болады.Сәтті күндер – 2, 4, 10, 13, 15, 23.Сәтсіз күндер – 1, 3, 8, 18, 19, 24, 26, 27, 28, 29, 31.
https://sputnik.kz/20220701/qazaqstan-1-shilde-ne-ozgeredi-25866549.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/02/24590464_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_0ae04785db7792e5b63e08bf22a85c47.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
болжам, шілде
НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова шілде айына болжам жасады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Билік тарапынан қысым күшейеді
Жұлдызнамашының болжамынша, шілде айының басында әлем елдерінің мемлекет басшылары, саясаткерлер қате шешім қабылдап, сәтсіздікке ұшырайды. Бұл кезеңде басталған келіссөздер ойдағыдай аяқталмайды.
"Плутон энергиясының ықпалы күшейеді – шамадан тыс белсенділік агрессивтілікке, озбырлыққа ұласуы мүмкін. Мұның соңы жақсылыққа апармайды. Айдың бірінші онкүндігі бұрмаланған ақпарат көбейеді. Екінші онкүндік пен айдың соңы аралығында билік тарапынан қысым күшейеді, саясаткерлер ашық жанжалдарға белсене қатыса бастайды. Ортақ мәмілеге келу, уағдаласу қиынға түседі, тіпті мүмкін болмайды", - дейді Әбдірайымова.
Артынша, қысым бәсеңдейді, тыныштық орнағандай күй сезіледі. Бірақ бұл ұзаққа созылмайды. Айдың соңына қарай жағдай қайтадан ушығады. Шілденің аяғында табиғи апаттар болуы мүмкін.
Астролог айдың соңынан бастап бүкіл посткеңестік кеңістік айтарлықтай күрделі энергияның ықпалына түсетінін ескертті.
1, 3 шілде күні жүргізушілер абай болғаны жөн, өйткені жол апаты жиілейді.
5 мен 19 шілде аралығында адамдар жаңалықтар мен өзгелердің пікірін өз көңіл-күйіне қарай қабылдайды. Сенімсіздік, тез ренжу, өкпелеу сияқты сезімдерді бастан кешіреді. Бұл кезеңде басталған істер баяулап, қосымша шығын қажет етуі мүмкін.
7, 8, 9 шілде– алаяқтарға алданып қалу ықтималдығы жоғары. Жаңа адамдармен танысқанда сақ болған абзал.
10, 11 шілде – адамдар аяқ асты қабылдаған шешімдерінің дұрыс екеніне көз жеткізеді, дау-дамайдан құтылудың жолын табады.
12, 13, 14 шілде – эмоционалды кезең. Әркім өзінікін дәлелдеуге тырысады, тұрмыстық жанжал, тұрмыстық зорлық-зомбылық та болуы мүмкін. Әбігерге түспей, сурет салу немесе йога арқылы жан тыныштығын табуға тырысыңыз. Сондай-ақ бұл уақытта халық өз наразылығын білдіріп, ал билік керісінше оларды басуы мүмкін. Толқу, митингтер өтетін кезең.
15, 16 шілде – ақыл-ой белсенділігі артады. Адамдар бұл кезеңде жиі ренжиді, сынды жүрегіне жақын қабылдайды. Сол себепті ауыздан шыққан сөзге абай болған жөн. Әйтпесе келіспеушілік пен ұрыс-керіске тап боласыз. Астролог осы күндері ақыл мен логикаға емес, ішкі түйсікке көбірек сүйенуге кеңес берді.
17 шілдеге қарай кішігірім келіспеушіліктің арты үлкен жанжалға ұласуы мүмкін. Өйткені айдың екінші жартысынан бастап жанжал, текетірес жиілейді. Сондықтан адам көп жиналатын орындардан аулақ жүріңіз. Қоғамдық орындарда тәртіпсіздік, жарылыс болуы мүмкін.
18, 19 шілде – өз райыңыздан қайтып, өзгелердің пікірін қаперге алыңыз. Есесіне 20, 21 шілде күндері олар сіздің сөзіңізге құлақ асады.
22, 23 шілде – ақыл-ой жұмысы, пәлсапалық ойлар, келісімшарт бекіту және сапар шегу үшін жақсы кезең.
26-31 шілде – жолда сақтық шараларын естен шығармаңыз, өндірістік жарақат алу қауіп-қатері артады. Өткір, кескіш, шаншитын заттар, қару мен от қауіп төндіреді. Өрт шығуы мүмкін, хирургиялық операциялар үшін қолайсыз кезең, әсіресе 25, 26 шілде.
28, 29 шілде – қызбалық, күйгелектік, мазасыздық. Асығыс шешім қабылдамаңыз. Бұл күндері көп ашуланғаннан бас ауырады. Келіссөздер мен маңызды құжаттарға қол қою үшін сәтсіз кезең. Айдың соңғы күндері мен тамыздың басында отпен және электр энергиясымен абай болған жөн. Сондай-ақ осы аралықта митингтер, демонстрациялар, наразылық шеруі болжанып отыр.
26 мен 29 шілде – романтикалық кездесулер үшін сәтсіз уақыт, кездейсоқ таныстықтан абай болыңыз, әсіресе ерлер қауымына қатысты. Жұлдызнамашы әйелдерге бұл күндері көп ақша жұмсамауға кеңес берді. Өйткені сатып алған затыңыз көңіліңізден шықпауы мүмкін. Ерекше мүмкіндіктерге ие және талантты адамдар үшін қолайлы кезең. Ақыл-ой жұмысымен, шығармашылықпен айналысуға болады.
Сәтті күндер – 2, 4, 10, 13, 15, 23.
Сәтсіз күндер – 1, 3, 8, 18, 19, 24, 26, 27, 28, 29, 31.