Өңірлер

Ақтөбеде еріктілер жалғызбасты анаға пәтер сыйлады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. Ақтөбеде қайырымдылық қоры жалғызбасты анаға пәтер сатып әперіп, балаларын емдеуге 500 мың теңгенің сертификатын табыс етті, деп хабарлайды "Диапазон" сайты.
Айзат – екі ерекше баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана. Бір баласы эпилепсиямен ауырса, екіншісі сал ауруына шалдыққан. Әйел өз қолымен қыз жасауын дайындап, оны сатумен күн көріп отыр.
"Қайырымдылық қоры атынан оған баспана алып беруге шешім қабылдадық. Үйді Айзаттың өзі таңдады. Бір бөлмелі пәтер көмек болар еді деді. Міне, біз оған кілтін табыстадық. 28 маусым күні ол жаңа үйіне көшіп келді", - деді қор директоры Қуандық Жасұлан.
Айтуынша, пәтер садақа берген жаны ашитын жандардың арқасында жиналған қаражатқа сатып алынды. Айзатқа алынған пәтер қор сыйлаған 51-ші баспана болды.
"Жаңа баспана үшін рахмет. Алла ешкімді сынамасын, балалар ауырмасын. Елімізде жаны ашитын, қайырымды, мейірімді жандар көп болсын", - деп алғысын жеткізді Айзат.
Пәтер кілті - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2019
Өңірлер
Рамазандағы игі іс: елорда тұрғыны көпбалалы анаға үш бөлмелі пәтер сыйлады
Жаңалықтар
0